https://sputnik.kz/20220115/Aqtobe-oblysy-kabinet-19148844.html
Ақтөбе облысының әкімі кабинетінің бүтін қалғанын тылсым күшке балап отыр
Ақтөбе облысының әкімі кабинетінің бүтін қалғанын тылсым күшке балап отыр
Sputnik Қазақстан
Митинг басталғалы жұрт көзіне көрінбей кеткен Оңдасын Оразалин екі сағаттық баспасөз мәслихатын берді 15.01.2022, Sputnik Қазақстан
2022-01-15T10:56+0500
2022-01-15T10:56+0500
2022-02-01T13:05+0500
өңірлер
https://sputnik.kz/img/1203/45/12034597_0:0:2945:1657_1920x0_80_0_0_480a20949034227f11324e593f008013.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 15 қаңтар – Sputnik. Жаппай тәртіпсіздік кезінде Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалиннің жұмыс орнына ешкім тимеген. Өңір басшысы мұны тылсым күшке балап отыр, деп хабарлады КТК.Әкім бүлінбеген кабинетінен бөлек, көтерілістің қантөгіссіз аяқталғанына шүкір етіп отыр. Осы уақытқа дейін қаладан тыс шықпай, жұмыс орнында тапжылмай отырғанын айтады. Аймақта жарияланған төтенше жағдайды тоқтату үшін мемлекет басшысына өтініш жолдаған. Енді бірер күнде облыс әкімдігі ғимаратындағы қоршау алынып, қазына ақшасына қайта жөнделеді.Ал митинг кезінде наразы топпен кездесуге құлқы болмаған. Есесіне Оразалин қала әкімі Асхат Шахаровты шеруге шыққандармен жүздесуге жұмсадым деп отыр. Ақтөбе облысының басшысы осы қызметке тағайындалған үш жыл ішінде өтініш айта келген наразы топтың бірде-бірін қабылдамаған екен. Мұны әкім былай түсіндірді."Мен үш жылдан бері осындай заңсыз әрекет жасағандардың алдына бірде-бір рет шыққан жоқпын. Түсініктеме де бермедім. Бұл менің ұстанған қағидатым. Мына талап қойғандардың әрекеті заңға қайшы келді, көздегені – мемлекетті құлату. Сонда мен сол жерге шығып уәде беруім керек пе?", - дейді Оңдасын Оразалин.Оқи отырыңыз: Ақтөбеде полицейді көлікпен басқан бүлікші ұсталды – видео
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1203/45/12034597_38:0:2657:1964_1920x0_80_0_0_f32d446c804bad1b2f952e9a01cc803d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Ақтөбе облысының әкімі кабинетінің бүтін қалғанын тылсым күшке балап отыр
10:56 15.01.2022 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Митинг басталғалы жұрт көзіне көрінбей кеткен Оңдасын Оразалин екі сағаттық баспасөз мәслихатын берді
НҰР-СҰЛТАН, 15 қаңтар – Sputnik. Жаппай тәртіпсіздік кезінде Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалиннің жұмыс орнына ешкім тимеген. Өңір басшысы мұны тылсым күшке балап отыр, деп хабарлады
КТК. "Құдай сақтап, ата-баба әруағы жебеген болуы керек, әлде адамдар сескенді ме екен, әйтеуір табалдырығынан аттаған жоқ. Әкімнің кабинеті қандай да бір Жаратушының арқасында аман қалды. Қанша дегенмен билік киелі дүние ғой", - дейді Оңдасын Оразалин.
Әкім бүлінбеген кабинетінен бөлек, көтерілістің қантөгіссіз аяқталғанына шүкір етіп отыр. Осы уақытқа дейін қаладан тыс шықпай, жұмыс орнында тапжылмай отырғанын айтады. Аймақта жарияланған төтенше жағдайды тоқтату үшін мемлекет басшысына өтініш жолдаған. Енді бірер күнде облыс әкімдігі ғимаратындағы қоршау алынып, қазына ақшасына қайта жөнделеді.
Ал митинг кезінде наразы топпен кездесуге құлқы болмаған. Есесіне Оразалин қала әкімі Асхат Шахаровты шеруге шыққандармен жүздесуге жұмсадым деп отыр. Ақтөбе облысының басшысы осы қызметке тағайындалған үш жыл ішінде өтініш айта келген наразы топтың бірде-бірін қабылдамаған екен. Мұны әкім былай түсіндірді.
"Мен үш жылдан бері осындай заңсыз әрекет жасағандардың алдына бірде-бір рет шыққан жоқпын. Түсініктеме де бермедім. Бұл менің ұстанған қағидатым. Мына талап қойғандардың әрекеті заңға қайшы келді, көздегені – мемлекетті құлату. Сонда мен сол жерге шығып уәде беруім керек пе?", - дейді Оңдасын Оразалин.