Оқиға

Алматыда бүлікшілердің полицейлерді аяусыз ұрып-соққаны түсірілген видео жарияланды

© AP Photo / Vladimir TretyakovПротестующие и полиция в центре Алматы, Казахстан, в среду, 5 января 2022 г.
Протестующие и полиция в центре Алматы, Казахстан, в среду, 5 января 2022 г. - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.01.2022
Жазылу
Видео 4-5 қаңтарда болған тәртіпсіздіктер кезінде түсірілген
АЛМАТЫ, 15 қаңтар – Sputnik. Алматының полиция департаменті тәртіпсіздік кезінде бүлікшілердің ішкі істер органдары қызметкерлерін ұрып-соғып жатқан сәті түсірілген видео жариялады.
Видео 4-5 қаңтарда болған оқиғалар кезінде түсірілген. Кадрлар бейнебақылау камералары мен әлеуметтік желідегі материалдардан жиналған.
Айта кетері, жүздеген адам тәртіпсіздік ұйымдастырып, тонау әрекеттеріне барды. Олар полиция қызметкерлеріне, әскери қызметшілерге бірнеше рет шабуыл жасап, соққыға жыққан.
Лаңкестік әрекеттердің жолын кесу және мемлекеттік органдардың әкімшілік ғимараты мен стратегиялық нысандарға жасалған қарулы шабуылдарды тоқтату кезінде 185 тәртіп сақшысы жарақат алды. Ішінде екі қызметкердің жағдайы ауыр.
Сол кезде Алматыда үш полиция қызметкері қазақ тапты. Бесінші қаңтарда Алмалы ауданы полиция басқармасының жанындағы полиция бөлімінің әкімшілік ғимаратына жасалған шабуылға тойтарыс беру кезінде екі полиция қызметкері Әлен Асылханов пен Ринат Қамбетов жарақат алып, оқиға орнында қаза тапты.
Тағы бір тәртіп сақшысы Нұрболсын Алмасов стратегиялық маңызы бар нысандардың бірін қорғау кезінде көз жұмды.
Әскери және қызметтік борышын өтеу кезінде көрсеткен батылдығы мен жанқиярлығы, сондай-ақ мемлекет мүддесін қорғаудағы ерлігі үшін бұл полиция қызметкерлері ІІІ дәрежелі "Айбын" орденімен марапатталды.
Жаңалықтар
0