https://sputnik.kz/20220115/Almaty-oblysy-lankestik-operatsiya-19148561.html
ҰҚК Алматы облысындағы лаңкестікке қарсы операция туралы айтты
ҰҚК Алматы облысындағы лаңкестікке қарсы операция туралы айтты
Sputnik Қазақстан
Ұсталғандардан ондаған атыс қаруы, ірі көлемде ақша, ұялы телефондар тәркіленді 15.01.2022, Sputnik Қазақстан
2022-01-15T09:08+0500
2022-01-15T09:08+0500
2022-02-01T13:05+0500
терроризмге қарсы арнайы операция
қоғам
https://sputnik.kz/img/07e6/01/0e/19147940_0:65:961:607_1920x0_80_0_0_c3ba1fafd52ca37e23dc73f779342616.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 15 қаңтар – Sputnik. Алматы облысында контртеррористік операция жалғасып жатыр, деп хабарлады Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі.Шекара қызметінің Алматы облысындағы департаменті 5 мен 6 қаңтар аралығында Үшбұлақ ауылының маңынан қоғамға қайшы акцияларға қатысты деген күдікпен Қазақстанның екі азаматын қолға түсірді. Олардан діни әдебиеттер табылды, қазіргі уақытта ұсталғандардың экстремистік діни ұйымдарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.Үлкен Алматы көлінің маңында "Тойота" маркалы автокөлігін мінген құжаты жоқ 5 азамат ұсталды. Автокөлікті тексеру барысында: 7 оғы бар 12 калибрлі винчестер, 1 оғы бар травматикалық тапанша, қан жұққан пышақ және 600 000 теңге ақшалай қаражат табылды. Олардың Алматы қаласындағы жаппай тәртіпсіздіктерге және қару-жарақ дүкенін тонауға қатысқаны анықталды.Сондай-ақ Кіші Дехан елді мекенінде Алматы қаласындағы тәртіпсіздіктерге қатысқан 19 адам анықталды. 7 қаңтарда ҰҚК қызметкерлері Қарулы күштер бөлімшелерімен бірлесіп, Алматы және Талдықорған қалаларындағы қоғамға қарсы акцияларға қатысы болуы мүмкін 184, сондай-ақ Мемлекеттік шекараны қорғау заңнамасын бұзған 41 адамды ұстады. 13 бірлік атыс қаруы, 185 бірлік оқ-дәрі, 8 ұялы телефон, 900 мың теңгеге жуық ақша қаражаты және 100 мың АҚШ доллары тәркіленді. Ұрланған 1 автокөлік ұсталды.13 қаңтарда тәртіпсіздіктерге қатысы бар деген күдікпен Қазақстанның 26 азаматы, сондай-ақ қаруды заңсыз сақтағаны үшін 5 адам анықталып, ұсталды. 6 бірлік атыс қаруы тәркіленді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/01/0e/19147940_0:34:961:638_1920x0_80_0_0_f2942fc4aef91dc140bc9a9b21a4dabd.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
терроризмге қарсы арнайы операция
терроризмге қарсы арнайы операция
ҰҚК Алматы облысындағы лаңкестікке қарсы операция туралы айтты
09:08 15.01.2022 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Ұсталғандардан ондаған атыс қаруы, ірі көлемде ақша, ұялы телефондар тәркіленді
НҰР-СҰЛТАН, 15 қаңтар – Sputnik. Алматы облысында контртеррористік операция жалғасып жатыр, деп хабарлады Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі.
Шекара қызметінің Алматы облысындағы департаменті 5 мен 6 қаңтар аралығында Үшбұлақ ауылының маңынан қоғамға қайшы акцияларға қатысты деген күдікпен Қазақстанның екі азаматын қолға түсірді. Олардан діни әдебиеттер табылды, қазіргі уақытта ұсталғандардың экстремистік діни ұйымдарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.
Үлкен Алматы көлінің маңында "Тойота" маркалы автокөлігін мінген құжаты жоқ 5 азамат ұсталды. Автокөлікті тексеру барысында: 7 оғы бар 12 калибрлі винчестер, 1 оғы бар травматикалық тапанша, қан жұққан пышақ және 600 000 теңге ақшалай қаражат табылды. Олардың Алматы қаласындағы жаппай тәртіпсіздіктерге және қару-жарақ дүкенін тонауға қатысқаны анықталды.
Сондай-ақ Кіші Дехан елді мекенінде Алматы қаласындағы тәртіпсіздіктерге қатысқан 19 адам анықталды.
7 қаңтарда ҰҚК қызметкерлері Қарулы күштер бөлімшелерімен бірлесіп, Алматы және Талдықорған қалаларындағы қоғамға қарсы акцияларға қатысы болуы мүмкін 184, сондай-ақ Мемлекеттік шекараны қорғау заңнамасын бұзған 41 адамды ұстады. 13 бірлік атыс қаруы, 185 бірлік оқ-дәрі, 8 ұялы телефон, 900 мың теңгеге жуық ақша қаражаты және 100 мың АҚШ доллары тәркіленді. Ұрланған 1 автокөлік ұсталды.
13 қаңтарда тәртіпсіздіктерге қатысы бар деген күдікпен Қазақстанның 26 азаматы, сондай-ақ қаруды заңсыз сақтағаны үшін 5 адам анықталып, ұсталды. 6 бірлік атыс қаруы тәркіленді.