Оқиға

Қазақстанда бүлік кезінде 225 адам қаза болды - видео

© Sputnik/Александр МирогловПожар в здании акимата Алматы
Пожар в здании акимата Алматы  - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.01.2022
Жазылу
Yandex newsTelegram
Қазақстанның бас прокуратурасы елде болған тәртіпсіздіктерге қатысты мәлімдеме жасады
НҰР-СҰЛТАН, 15 қаңтар – Sputnik. Қазақстанда бүлік кезінде 225 адам қаза болды, деп мәлімдеді Бас прокуратура.
Тәртіпсіздіктер кезінде 4578 адам зардап шеккен. Оның ішінде 4 353 адам жараланды, оның 3393-і - құқық қорғау органдарының қызметкерлері.
"Төтенше жағдай кезінде мәйітханаларға 225 адам жеткізілді. Олардың бір бөлігі терактілерге қатысқан, ғимараттар мен құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне шабуыл жасаған қарулы бандиттер. Қаза болғандардың ішінде 19 полицей мен әскери қызметші бар", - деді Бас прокуратураның қылмыстық қудалау қызметінің бастығы Серік Шалабаев.
Қазіргі уақытта 546 қылмыстық істі тергеліп жатыр. Оның ішінде 44-і - терроризм, 34-і - жаппай тәртіпсіздік, 15-і - адам өлтіру.
672 күдікті ұсталған. Оның 446-сы соттың санкциясымен қамауға алынды.
Ұстауға негіз болмағандықтан 100-ден астам адам босатылған.
Жаңалықтар
0