Қоғам

Көппәтерлі үйдегі қойманың салығы қалай төленеді – комитет өзгерісті түсіндірді

© Sputnik / Владислав ВодневМногоэтажный дом
Многоэтажный дом - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.01.2022
Жазылу
Соңғы өзгерістер тұрақ орындарының иелеріне жаңадан салық салуды қарастырмайды, яғни салық жүктемесі өзгерген жоқ
НҰР-СҰЛТАН, 14 қаңтар – Sputnik. Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті көппәтерлі тұрғын үйдегі қойманың салығын төлеу тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ведомствоның ресми сайтына сілтеме жасап. 
Салық кодексіне енгізілген өзгерістерге сәйкес, 2022 жылдың 1 қаңтарынан көппәтерлі тұрғын үйде жеке мақсатта қолданылатын қоймалар үшін мүлік салығы есебін тапсырудың қажеті жоқ.
Бұрын жеке тұлғалар салық базасын өздері айқындап, есеп тапсыратын. Енді салық органдары "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы белгілеп берген бағаның негізінде көппәтерлі үйдегі қоймалардың мүлік салығын есептеп отырады.
Қоймалар бойынша жеке тұлғалардың мүлік салығы кейінгі жылдың 1 шілдесіне дейін есептеледі. Ал салықтың өзін 1 қазаннан кешіктірмей төлеу керек.
"Осылайша 2023 жылдан бастап көп пәтерлі тұрғын үйлердегі қоймалар үшін жеке тұлғалардың мүлік салығы бойынша салық есептілігін ұсыну талабы алынып тасталды. Демек 2022 жылдың салықтық есебін тапсырудың қажеті жоқ", - дейді комитет мамандары.
Сондай-ақ заңмен салық салу объектісін және салық салу тәртібін айқындау бөлігінде "тұрақ орындары" термині нақтыланды.
"Бұл ретте "тұрақ орындарына" салық салу тәртібі өзгермегенін атап өту қажет, бұрынғыдай "тұрақ орындары" бойынша салықты есептеу "гараждарға" ұқсас жүргізіледі", - дейді салықшылар.
Соңғы өзгерістер тұрақ орындарының иелеріне жаңадан салық салуды қарастырмайды, яғни салық жүктемесі өзгерген жоқ.
Жаңалықтар
0