Алматыдағы жаппай тәрпісіздіктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.05.2022
Қаңтар оқиғасы
2022 жылғы қаңтарда Алматы қаласы мен басқа да өңірлерде болған жаппай тәртіпсіздіктерге қатысты материалдар

Қызылордада КамАЗ-бен полиция қақпасын бұзған жігіт ұсталды – видео

© Sputnik / Максим Богодвид / Медиабанкке өтуАвтомобильный завод "Камаз" в Татарстане
Автомобильный завод Камаз в Татарстане - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.01.2022
Жазылу
Ол бүлікшілерге жол ашып берген. Ал өзі оқиға орнынан қашып кетті
НҰР-СҰЛТАН, 14 қаңтар – Sputnik. Қызылорда қаласында жаппай тәртіпсіздіктер кезінде әскери КамАЗ-бен полиция қақпасын бұзған ер адам ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz порталы.
Ресми мәліметке сәйкес, 5 қаңтарда Қызылорда қаласының тұрғыны бүлікшілерге қосылып, әскери КамАЗ-ды тартып алған. Осы көлікпен жедел басқару орталығына қарасты бейнебақылау камераларын сындырған.
Одан кейін жергілікті полиция қызметі басқармасының қақпасын бұзып, бүлікшілерге жол ашып берген. Ал өзі оқиға орнынан қашып кетті.
Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 272-бабының 2-бөлігі (Күш қолданумен, қиратумен, өртеумен, бұзумен, мүлiктi жоюмен, атыс қаруын, жарылғыш заттарды немесе жарылыс құрылғыларын қолданумен, сондай-ақ билік өкiлiне қарулы қарсылық көрсетумен ұласқан, оның ішінде шетелдік көздерден алынған қаражатты пайдалана отырып жаппай тәртiпсiздiкке қатысу) және 202-бабының 2-бөлігінің 1-тармағымен (Өрт қою, жарылыс жасау арқылы немесе өзге де жалпы қауiптi тәсілмен жасалған) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.
КамАЗ ұрлаған ер адам қамауға алынды. Ол үш жылдан сегіз жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Оқи отырыңыз: Қызылордада 27 террорист ұсталды
Жаңалықтар
0