Саясат

Тоқаев Қырғызстан президентімен телефон арқылы сөйлесті

© Официальный сайт Президента КазахстанаҚазақстан мен Қырғызстан президенттері
Қазақстан мен Қырғызстан президенттері  - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.01.2022
Жазылу
Қырғызстан президенті қысқа мерзімді демалыстан шықты, мемлекет басшылары Қазақстандағы жағдай мен бауырлас мемлекеттің қиын-қыстау кезінде көрсеткен қолдауын талқылады
НҰР-СҰЛТАН, 14 қаңтар – Sputnik. Қазақстан мен Қырғызстан президенттері ҰҚШҰ контингентінің Қазақстанға кіргізілуімен байланысты жағдайды талқылады.
Қасым-Жомарт Тоқаев қырғыз әріптесі Садыр Жапаровқа Алматы мен басқа қалаларда болған қайғылы оқиғалар кезінде көрсеткен қолдауы үшін алғыс айтты. Сонымен қатар ол ҰҚШҰ бітімгерлік контингентінің елден шығарыла бастағаны жайлы ақпарат берді, деп хабарлайды президент Жапаровтың сайты.
Қырғызстанның ҰҚШҰ контингентіне кірген "Скорпион" арнайы жасақ бөлімшесі Қазақстанда ешқандай проблемаға тап болмаған.
"Қазақстанда қызмет атқару кезінде ешқандай оқиға тіркелген жоқ", - деп мәлімдеді Қырғызстан мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы Қамшыбек Ташиев бітімгерлер отанына оралған соң.
Ташиевтің айтуынша, барлық әскери қызметкер мен техника Қырғызстанға аман-сау оралды.
Қазақстандағы ҰҚШҰ бітімгерлік миссиясына Қырғызстаннан 150 әскери қызметкер мен 20 бірлік техника қатысты. Олар Алматыда стратегиялық нысандарды күзетті.
Жаңалықтар
0