Видео

Полицейді көлікпен басқан бүлікші ұсталды – видео

© Photo : Сергей АлексеенокПолицейский на блокпосте
Полицейский на блокпосте  - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.01.2022
Жазылу
Облыс бойынша 500 адам ұсталған. Ал блок бекеттердегі тексеріс кезінде 10 аңшы пышағы мен 1200-ден астам есірткі заты тәркіленді
НҰР-СҰЛТАН, 14 қаңтар – Sputnik. Ақтөбеде жаппай тәртіпсіздіктер кезінде полицейді көлікпен басып өткен жүргізуші қамауға алынды. Оның әрекеті сыртқы бейнебақылау камерасына жазылып, желіде тарап кеткен болатын, деп хабарлайды Astana TV арнасы.
Жарақат алған тәртіп сақшысы Данияр Сейдуллин қазір ем алып жатыр. Оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.
Облыстық комендатураның мәліметіне сәйкес, блок бекеттердің бірінде тоқтатылған "Мицубиси" автокөлігінен 16-шы калибрлі ИЖ аңшы мылтығы анықталды. Иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ал Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны жүргізген "Газель" автокөлігі Ресейде ұрланған болып шықты.
Қазіргі кезде Ақтөбе облысындағы түрмелерде күзет күшейтілген. Сырттан азық-түлік қабылдау тоқталды. Ал қоныс колониясындағылар төтенше жағдай тәртібі аяқталмайынша жұмысқа бармайды.
"Сәлемдемелер мен бандерольдар алу және жіберу, туыстармен ұзақ және қысқа мерзімде кездесу уақытша шектеледі. Сонымен қатар қауіпсіздігі барынша төмен мекемесі шегінен тыс жердегі кәсіпорындарда жұмыс істейтін сотталғандар жұмыс орындарынан шақыртылады", - дейді қылмыстық-атқару жүйесі департаменті басшысының міндетін атқарушы Бақытжан Елеуов.
Ал Атырауда жаппай тәртіпсіздікке қатысқан күдіктіден атыс қаруы тәркіленді. Полицейлер оның қаланың орталық көшелерінің бірінде автоматты көлігіне салып жатқанын бейнебақылау камерасынан көрген. 30 жастағы азаматтың үйін тінту кезінде қару табылды. Қазір құзырлы орган өкілдері суық қарудың кімге тиесілі екенін анықтап жатыр.
Сондай-ақ, жаппай тәртіпсіздік кезінде әскерилердің қорғаныс құралдары мен оқ өткізбейтін бронжилетін алып кеткен бұзақылар да ұсталды. Олардың біреуі - бұрын заңсыз психотропты дәрілерді сатып алғаны үшін жауапқа тартылған 25 жастағы қала тұрғыны.
Жалпы, облыс бойынша 500 адам ұсталған. Ал блок бекеттердегі тексеріс кезінде 10 аңшы пышағы мен 1200-ден астам есірткі заты тәркіленді.
Жаңалықтар
0