Алматыдағы жаппай тәрпісіздіктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.05.2022
Қаңтар оқиғасы
2022 жылғы қаңтарда Алматы қаласы мен басқа да өңірлерде болған жаппай тәртіпсіздіктерге қатысты материалдар

Алматыда тәртіпсіздік кезінде екі қызына оқ тиген отбасыға көмек көрсетіледі

© Photo : Пресс-служба акима АлматыБакытжан Сагинтаев встретился с родителями погибшего в беспорядках ребенка
Бакытжан Сагинтаев встретился с родителями погибшего в беспорядках ребенка  - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.01.2022
Жазылу
Алматыда тәртіпсіздік кезінде 4 жасар қыз көз жұмды, ал оның 15 жастағы әпкесі жансақтау бөлімінде жатыр
АЛМАТЫ, 14 қаңтар – Sputnik. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев тәртіпсіздік кезінде көз жұмған 4 жасар баланың отбасына көңіл айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қара жамылған көпбалалы отбасыға барған Алматы әкімі қыздың ата-анасына төзімділік пен шыдамдылық тіледі.
Айта кетері, Алматыда тәртіпсіздік кезінде 4 жасар қыз көз жұмды, ал оның 15 жастағы әпкесі жансақтау бөлімінде жатыр.
Әкім жасөспірімнің тез сауығып кетуін тілеп, отбасыға материалдық көмек көрсетілетінін, сондай-ақ 3 бөлмелі пәтер берілетінін айтты.
Қайғылы оқиға 7 қаңтарда Сейфуллин мен Сәтбаев көшелерінің қиылысында болған. Қыз бен оның 15 жастағы әпкесі оқ атылған көлікте болған. Кішісі оқиға орнында көз жұмды, үлкені ауруханаға түсті.

Қазақстандағы бүлік

2022 жылдың басында елдің батысында жаппай нарызылық басталды. Оған автокөлікке құятын газдың 120 теңгеге дейін қымбаттауы себеп болған. Жаңаөзен мен Ақтау қаласының тұрғындары бағаны 50 теңгеге дейін төмендетуді талап етті. Арнайы құрылған үкіметтік комиссия белсенділермен келіссөз жүргізіп, бұл талап орындалатынын мәлімдеді.
Артынша басқа қалалардың халқы да наразылық шеруіне шыға бастады.
Ал Алматыда наразылық соңы лаңкестік әрекетке ұласты. Көшеге шыққандар полиция көліктерін қиратып, әкімшілік ғимараттарды өртеп жіберді. Алматы полиция департаментінің ғимаратына шабуыл жасады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Алматы қаласы мен 9 облыс орталығы шабуылдаушылардың қолында болған. Содырлар тіпті Ақорданы да басып алуды жоспарлаған. Алайда елордаға үш әскери көлік ұшағының келгенін естіп, бұл жоспарынан бас тартқан.
Осы оқиғалардан кейін президент ҰҚШҰ-дан көмек сұрады. Осылайша Қазақстанға 2 мыңнан аса ҰҚШҰ күштері мен 250 техника кіргізілді. Олар стратегиялық маңызды объектілерді күзетуге кірісті.
Кейінірек Тоқаев Қазақстанда билікті басып алуға дайындық жүргізілгенін мәлімдеді. Шабуылдаушылар халықтың автогаз бағасына деген наразылығын желеу еткен.
Ел билігі бүкіл республикада 19 қаңтарға дейін төтенше жағдай жариялап, терроризмге қарсы операция бастады.
13 қаңтардан бастап ҰҚШҰ күштері елден шығарыла бастады. Терроризмге қарсы операция Алматы қаласы, Алматы және Жамбыл облыстарында жалғасып жатыр.
Жаңалықтар
0