https://sputnik.kz/20220113/tartipsizdik-jambyl-oblysy-shygyn-19135994.html
Тәртіпсіздіктер кезінде Жамбыл облысында 7 мемлекеттік ғимарат бүлінді
Тәртіпсіздіктер кезінде Жамбыл облысында 7 мемлекеттік ғимарат бүлінді
Sputnik Қазақстан
Шығын мөлшерін есептеу бойынша арнайы комиссия құрылды. Алдын ала есептеулер бойынша жалпы облысқа келген шығын көлемі шамамен 7,6 миллиард теңге 13.01.2022, Sputnik Қазақстан
2022-01-13T12:13+0500
2022-01-13T12:13+0500
2022-05-23T15:46+0500
терроризмге қарсы арнайы операция
тәртіпсіздік
жамбыл облысы
ғимарат
қаңтар оқиғасы
https://sputnik.kz/img/07e6/01/0a/19101665_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_26728dc4942790270853bd3fc5120927.jpg
АЛМАТЫ, 13 қаңтар – Sputnik. Жамбыл облысында тәртіпсіздіктерден кейінгі шығын көлемі шамамен 7,6 миллиард теңгені құрайды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Жамбыл облысы әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, облыс бойынша 7 мемлекеттік ғимарат зардап шеккен. Олар: облыс әкімінің аппараты, Nur Otan партиясының облыстық және Шу ауданындағы филиалы, облыстық полиция департаменті, қалалық 3 полиция бөлімі.Сондай-ақ, 149 қызметтік автокөлік, 4 бизнес нысаны зардап шеккен.Шығын мөлшерін есептеу бойынша арнайы комиссия құрылды.Бұған қоса, облыс аумағында автокөлік, әуе, темір жолдары ашық. Коммуналдық қызмет көрсету мекемелері штаттық режимде жұмыс істеп тұр, сұйық отын қоры жеткілікті.Медициналық мекемелер, азық-түлік дүкендері, базарлар мен жанар-жағармай құю бекеттері қалыпты режимде жұмыс істеуде.Айта кетері, облыста төтенше жағдай енгізілген. Кешкі 23:00-ден таңғы 7:00-ге дейінгі аралықта коменданттық сағат енгізілген. Теміржол вокзалында 23.00-ден кейін пойыздан түсетін жолаушыларды арнайы кезекші автобустар тасымалдайды.Облыста терроризмге қарсы операция жалғасып жатыр. Облыс бойынша 36 блок бекет жұмыс істеп тұр, оның ішінде Тараз қаласының кіру-шығу жолдарына 13 блок бекет қойылған. Барлық көлік тексеріліп жатыр.Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында облыс бойынша 2000-нан аса құқық қорғау органдарының қызметкері жұмылдырылған. Теміржол вокзалы, әуежай, әскери қоймалар, Қордай ауданы Отар әскери қалашығындағы Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ҒЗИ аумағын әскерилер күзетіп тұр.Айта кетері, бұған дейін облыс бойынша тәртіпсіздік кезінде 200-ден аса құқыққорғау қызметкері түрлі дене жарақатын алғаны хабарланды. Жаппай тәртіпсіздікке қатысушылардың жалпы саны шамамен 2 мыңнан асады, қазір олардың 400-ге жуығы ұсталған.
жамбыл облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/01/0a/19101665_160:0:1120:720_1920x0_80_0_0_a255ef716515f4880bc59ba8dfdc5379.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
терроризмге қарсы арнайы операция, тәртіпсіздік, жамбыл облысы, ғимарат
терроризмге қарсы арнайы операция, тәртіпсіздік, жамбыл облысы, ғимарат
Тәртіпсіздіктер кезінде Жамбыл облысында 7 мемлекеттік ғимарат бүлінді
12:13 13.01.2022 (жаңартылды: 15:46 23.05.2022) Шығын мөлшерін есептеу бойынша арнайы комиссия құрылды. Алдын ала есептеулер бойынша жалпы облысқа келген шығын көлемі шамамен 7,6 миллиард теңге
АЛМАТЫ, 13 қаңтар – Sputnik. Жамбыл облысында тәртіпсіздіктерден кейінгі шығын көлемі шамамен 7,6 миллиард теңгені құрайды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.
Жамбыл облысы әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, облыс бойынша 7 мемлекеттік ғимарат зардап шеккен. Олар: облыс әкімінің аппараты, Nur Otan партиясының облыстық және Шу ауданындағы филиалы, облыстық полиция департаменті, қалалық 3 полиция бөлімі.
Сондай-ақ, 149 қызметтік автокөлік, 4 бизнес нысаны зардап шеккен.
Шығын мөлшерін есептеу бойынша арнайы комиссия құрылды.
"Қазір зардап шеккен әкімшілік нысандарды қалпына келтіру жұмыстарына 35 арнайы техника, 680 жұмысшы тартылған. Жұмыстар биыл ақпанның соңына дейін толығымен аяқталады деп жоспарланып отыр", - делінген ақпаратта.
Бұған қоса, облыс аумағында автокөлік, әуе, темір жолдары ашық. Коммуналдық қызмет көрсету мекемелері штаттық режимде жұмыс істеп тұр, сұйық отын қоры жеткілікті.
Медициналық мекемелер, азық-түлік дүкендері, базарлар мен жанар-жағармай құю бекеттері қалыпты режимде жұмыс істеуде.
Айта кетері, облыста төтенше жағдай енгізілген. Кешкі 23:00-ден таңғы 7:00-ге дейінгі аралықта коменданттық сағат енгізілген. Теміржол вокзалында 23.00-ден кейін пойыздан түсетін жолаушыларды арнайы кезекші автобустар тасымалдайды.
Облыста терроризмге қарсы операция жалғасып жатыр. Облыс бойынша 36 блок бекет жұмыс істеп тұр, оның ішінде Тараз қаласының кіру-шығу жолдарына 13 блок бекет қойылған. Барлық көлік тексеріліп жатыр.
Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында облыс бойынша 2000-нан аса құқық қорғау органдарының қызметкері жұмылдырылған. Теміржол вокзалы, әуежай, әскери қоймалар, Қордай ауданы Отар әскери қалашығындағы Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ҒЗИ аумағын әскерилер күзетіп тұр.
Айта кетері, бұған дейін облыс бойынша тәртіпсіздік кезінде 200-ден аса құқыққорғау қызметкері түрлі дене жарақатын алғаны хабарланды. Жаппай тәртіпсіздікке қатысушылардың жалпы саны шамамен 2 мыңнан асады, қазір олардың 400-ге жуығы ұсталған.