Қоғам

ҰҚК полицияға шабуылдаған бірнеше адамды ұстады

© AP Photo / Vladimir TretyakovДемонстрант возвращает щит сотруднику ОМОНа во время акции протеста в Алматы, Казахстан, в среду, 5 января 2022 г.
Демонстрант возвращает щит сотруднику ОМОНа во время акции протеста в Алматы, Казахстан, в среду, 5 января 2022 г.  - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.01.2022
Жазылу
Талдықорған мен Алматыдағы тәртіпсіздіктерге қатысы бар деген күдікпен 16 адам қамауға алынды 
НҰР-СҰЛТАН, 13 қаңтар – Sputnik. Ұлттық қауіпсіздік комитеті Талдықорған мен Алматыдағы тәртіпсіздіктерге қатысы бар деген күдікпен бірнеше адамды ұстады, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі. 
Ұстау операциясын шекара қызметі ҰҚК аумақтық бөлімшелерімен бірлесіп, ІІМ "Арлан" арнайы мақсаттағы бөлімшесін жұмылдыра отырып жүргізді.
"Талдықорған қаласының полиция департаментіне жасалған шабуылға және тәртіпсіздіктерге қатысы бар деген күдікпен 8 адам және Алматы қаласындағы тәртіпсіздіктер мен тонауларға қатысы бар деген күдікпен тағы 8 адам (оның ішінде Орталық Азия республикаларының 4 азаматы) ұсталды", - делінген хабарламада
Ұсталғандар полиция бөлімшелеріне берілді.
11 қаңтарда Түркістан облысындағы "Шымкент" авиациялық өткізу пунктінде "Түркістан – Ыстамбұл" бағытындағы КС-7425 рейсін ресімдеу кезінде Қызылорда қаласындағы митингілерге қатысқан және әлеуметтік желілердің мессенджерлері арқылы тәртіпсіздік жасауға үндейтін материалдар таратқан Қазақстан азаматы анықталды. Ол Шымкент қаласының желілік полиция бөліміне тапсырылды.
10 қаңтарда Қостанай облысының "Обаған" (автомобиль) өткізу пунктінде тексеру жұмыстары барысында 1986 жылы туған Тараз қаласының тұрғыны ұсталды. Оның ұялы телефонынан 5 қаңтарда күш құрылымдарының арнайы жарағын (қорғаныс дулығасы, жүк кеудешесі, металл қалқаны және резеңке таяқ) асынып түскен фотосуреті табылды.
Тергеу іс-шараларын жүргізу үшін ол Ұзынкөл аудандық полиция бөліміне берілді.
Жаңалықтар
0