https://sputnik.kz/20220113/mugalimder-darigerler-jalaqy-19135218.html
Қазақстанда мұғалімдердің, дәрігерлер мен әлеуметтік қызметкерлердің жалақысы өсті
Қазақстанда мұғалімдердің, дәрігерлер мен әлеуметтік қызметкерлердің жалақысы өсті
Sputnik Қазақстан
Елде әлеуметтік сала қызметкерлерінің жалақысы кезең-кезеңмен көтеріліп келеді 13.01.2022, Sputnik Қазақстан
2022-01-13T11:38+0500
2022-01-13T11:38+0500
2023-08-10T16:58+0500
қоғам
мұғалім
дәрігер
жалақы
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0f/15744613_0:0:3000:1688_1920x0_80_0_0_d98eba81ee5241afee9e4512d3d1ddfc.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 13 қаңтар – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап кімдердің айлығы артқанын хабарлады.Президенттің тапсырмасымен 2020 жылдан бастап шамамен 600 мың мұғалімнің, ал 2021 жылдан бастап мемлекеттік мекемелер мен коммуналдық кәсіпорындарда істейтін 247 мың медицина қызметкерінің еңбекақысын кезең-кезеңмен арттыру басталды. 2023 жылға қарай олардың жалақысы 2 есе өседі.Сондай-ақ, әлеуметтік қамсыздандыру саласында 21 мың қызметкердің лауазымдық еңбекақысы 25%-ке артты. Атап айтқанда, өз қызметін стационарлық және жартылай стационарлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде, үйде қызмет көрсету ұйымдарында, уақытша болу ұйымдарында және жұмыспен қамту орталықтарында жүзеге асыратын басшы құрам мен негізгі персоналдың (әлеуметтік қызметкерлер, педагогтар, медицина қызметкерлері және т.б.) қалтасы қалыңдады.Оқи отырыңыз: Тоқаев әкімдер мен депутаттарға ұнамайтын шешім қабылдадыЕске салсақ, былтыр әлеуметтік қызметкерлердің жалақысы 50%-ке ұлғайды.Бұған дейін хабарланғандай, биыл 1 қаңтардан бастап азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының жалақысын кезең-кезеңмен арттыру басталды. Нәтижесінде төрт жыл жыл ішінде 591 мың адамның жалақысы екі есе көтеріледі.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0f/15744613_491:0:2742:1688_1920x0_80_0_0_f498ff6b890b4f65f94aba87e9ab5e95.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мұғалім, дәрігер, жалақы
Қазақстанда мұғалімдердің, дәрігерлер мен әлеуметтік қызметкерлердің жалақысы өсті
11:38 13.01.2022 (жаңартылды: 16:58 10.08.2023) Елде әлеуметтік сала қызметкерлерінің жалақысы кезең-кезеңмен көтеріліп келеді
НҰР-СҰЛТАН, 13 қаңтар – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап кімдердің айлығы артқанын хабарлады.
Президенттің тапсырмасымен 2020 жылдан бастап шамамен 600 мың мұғалімнің, ал 2021 жылдан бастап мемлекеттік мекемелер мен коммуналдық кәсіпорындарда істейтін 247 мың медицина қызметкерінің еңбекақысын кезең-кезеңмен арттыру басталды. 2023 жылға қарай олардың жалақысы 2 есе өседі.
"2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап педагогтардың жалақысы 25%-ке, медицина қызметкерлерінің жалақысы орта есеппен 20-30%-ке өсті", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, әлеуметтік қамсыздандыру саласында 21 мың қызметкердің лауазымдық еңбекақысы 25%-ке артты. Атап айтқанда, өз қызметін стационарлық және жартылай стационарлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде, үйде қызмет көрсету ұйымдарында, уақытша болу ұйымдарында және жұмыспен қамту орталықтарында жүзеге асыратын басшы құрам мен негізгі персоналдың (әлеуметтік қызметкерлер, педагогтар, медицина қызметкерлері және т.б.) қалтасы қалыңдады.
Еске салсақ, былтыр әлеуметтік қызметкерлердің жалақысы 50%-ке ұлғайды.
Бұған дейін хабарланғандай, биыл 1 қаңтардан бастап азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының жалақысын кезең-кезеңмен арттыру басталды. Нәтижесінде төрт жыл жыл ішінде 591 мың адамның жалақысы екі есе көтеріледі.