Елорда тынысы

Нұр-Сұлтанның комендатурасы тәркіленген қару-жарақты көрсетті – фото

© Photo : Нұр-Сұлтанның комендатурасыНұр-Сұлтанның комендатурасы тәркіленген қару-жарақты көрсетті
Нұр-Сұлтанның комендатурасы тәркіленген қару-жарақты көрсетті - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.01.2022
Жазылу
Тоқтатылған көлікті тексеру кезінде ұрлық жасады деген күдікпен 26 жастағы жолаушы ұсталды
НҰР-СҰЛТАН, 13 қаңтар – Sputnik. Елорданың айналасындағы блок бекеттерде тоқтатылған көліктерден қару-жарақ тәркіленді.
Қала комендатурасы таратқан ақпарат сәйкес, блок бекеттер қойылған күннен бастап шамамен 50 мың автокөлік тексерілді.
"Нұр-Сұлтан қаласында және блок бекеттерде екі тегіс ұңғылы "Сайга"  қару-жарағы, "РГД-5" оқу-жаттығу гранатасы, "СVvz.27" маркалы тапанша, оқтан қорғайтын күртеше, оқ-дәрілер, 11 бита, 5 резеңке таяқ, кастеттер, дубинкалар, аэрозольдік тапанша, қолкісендер және бұрышты балоншалар тәркіленді. Барлық факті бойынша тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр", - дейді комендант Ержан Сәденов.
Блок бекетте есірткі заттарын заңсыз сақтаудың екі фактісі анықталды. Бұдан бөлек, тоқтатылған көлікті тексеру кезінде ұрлық жасады деген күдікпен 26 жастағы жолаушы ұсталды.
© Photo : Нұр-Сұлтанның комендатурасыНұр-Сұлтанның комендатурасы тәркіленген қару-жарақты көрсетті
Нұр-Сұлтанның комендатурасы тәркіленген қару-жарақты көрсетті - Sputnik Қазақстан
1/3
Нұр-Сұлтанның комендатурасы тәркіленген қару-жарақты көрсетті
© Photo : Нұр-Сұлтанның комендатурасыНұр-Сұлтанның комендатурасы тәркіленген қару-жарақты көрсетті
Нұр-Сұлтанның комендатурасы тәркіленген қару-жарақты көрсетті - Sputnik Қазақстан
2/3

3/3

"Бұған дейін оның маусым айында Павлодар қаласында ұрлық жасағаны анықталды. Сондай-ақ өзге автокөліктің 36 жастағы жолаушысы Қарағанды қаласында осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін ұсталды. Күдіктілер блок бекетте ұсталып, оларды іздеу туралы бастама көтерген  бөліністерге тапсырылды", - деп атап өтті Сәденов.
Осы орайда комендант төтенше жағдайдың жалғасып жатқанын және коменданттық сағат режимін сақтау қажеттігін еске салды.  Осы уақытқа дейін көші-қон заңнамасын бұзу фактілерін анықтау мақсатында 4 649 жалдамалы тұрғын үй мен 420 хостелді тексеру жұмыстары жүргізілді. Көші-қон заңнамасын бұзудың 1 372 фактісі анықталып, 38 шетелдік азамат елден шығарылды.
Төтенше жағдай режимін бұзған 318 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардың ішінде 30 адам қамауға алынып, 137-іне айыппұл салынды.
 "Осы қиын кезеңде азаматтар тарапынан бейқам жүруге жол берілмеуге тиіс. Төтенше жағдай кезеңінде алкогольдік өнімдерді сатуға тыйым салынатынын естеріңізге саламын. Құқық бұзушылар анықталатын болады және лицензиясынан айыруға дейін қатаң жазаланады", -деді Сәденов.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес төтенше жағдай режимінің талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілік күшейтілген.
Жаңалықтар
0