https://sputnik.kz/20220113/bolasha-stipendiat-vaktsina-19137734.html
"Болашақ" стипендиаттары ДДСҰ мақұлдаған вакцинаны салдыра алады
"Болашақ" стипендиаттары ДДСҰ мақұлдаған вакцинаны салдыра алады
Sputnik Қазақстан
Бұл мәселе білім және ғылым министрлігінің өтініші бойынша коронавирус инфекциясының пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның... 13.01.2022, Sputnik Қазақстан
2022-01-13T15:51+0500
2022-01-13T15:51+0500
2023-08-10T12:26+0500
covid-ке қарсы вакцина
денсаулық
"болашақ" стипендиясы
вакцина
дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы
https://sputnik.kz/img/07e4/0a/17/15280454_0:160:3073:1888_1920x0_80_0_0_d64e6a6e5e33b79326e1380fce13c900.jpg
АЛМАТЫ, 13 қаңтар – Sputnik. "Болашақ" бағдарламасының стипендиаттары дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мақұлдаған вакцинаны қайта салдыра алады. Бұл туралы білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.Министрліктің хабарлауынша, бұл мәселе білім және ғылым министрлігінің өтініші бойынша коронавирус инфекциясының пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында қаралған. Нәтижесінде бағдарлама бойынша білім алып жатқан қазақстандықтар ДДСҰ мақұлдаған вакцинамен қамтамасыз етілді.Айта кетері, 2021 жылдың 8 қарашасынан бастап АҚШ-қа дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мақұлдаған вакцина салдырған адамдарға ғана кіруге рұқсат беріледі. Бұл тізімге Pfizer-BioNTech, Moderna, Johnson&Johnson, AstraZeneca, Covishield, BIBP/Sinopharm, Sinovac вакциналары кіреді.Австралия, Канада, Жаңа Зеландия, АҚШ-қа және Жапонияға оқуға немесе тағылымдамадан өтуге баратын бағдарлама стипендиаттары ДДСҰ мақұлдаған препараттардың екі дозасын толық алуы қажет. Қазақстандағы ведомствоаралық комиссия BIBP/Sinopharm вакцинасын алуға рұқсат берді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0a/17/15280454_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_658b83ace9578908b06b6aeb15c30bd5.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
covid-ке қарсы вакцина, "болашақ" стипендиясы, вакцина, дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы
covid-ке қарсы вакцина, "болашақ" стипендиясы, вакцина, дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы
"Болашақ" стипендиаттары ДДСҰ мақұлдаған вакцинаны салдыра алады
15:51 13.01.2022 (жаңартылды: 12:26 10.08.2023) Бұл мәселе білім және ғылым министрлігінің өтініші бойынша коронавирус инфекциясының пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында қаралған
АЛМАТЫ, 13 қаңтар – Sputnik. "Болашақ" бағдарламасының стипендиаттары дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мақұлдаған вакцинаны қайта салдыра алады. Бұл туралы білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Министрліктің хабарлауынша, бұл мәселе білім және ғылым министрлігінің өтініші бойынша коронавирус инфекциясының пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында қаралған. Нәтижесінде бағдарлама бойынша білім алып жатқан қазақстандықтар ДДСҰ мақұлдаған вакцинамен қамтамасыз етілді.
"Осындай шешімнің арқасында "Болашақ" стипендиясының иегерлері ДДСҰ мақұлдаған вакциналарды алған кезде ғана кіруге рұқсат етілген елдерге кедергісіз бара алады", - делінген ақпаратта.
Айта кетері, 2021 жылдың 8 қарашасынан бастап АҚШ-қа дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мақұлдаған вакцина салдырған адамдарға ғана кіруге рұқсат беріледі. Бұл тізімге Pfizer-BioNTech, Moderna, Johnson&Johnson, AstraZeneca, Covishield, BIBP/Sinopharm, Sinovac вакциналары кіреді.
Австралия, Канада, Жаңа Зеландия, АҚШ-қа және Жапонияға оқуға немесе тағылымдамадан өтуге баратын бағдарлама стипендиаттары ДДСҰ мақұлдаған препараттардың екі дозасын толық алуы қажет. Қазақстандағы ведомствоаралық комиссия BIBP/Sinopharm вакцинасын алуға рұқсат берді.