Саясат

Тоқаев пен Путин телефон арқылы сөйлесті

© Sputnik / Алексей НикольскийҚасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.01.2022
Жазылу
Мемлекет басшылары ҰҚШҰ бітімгерлік күштерін Қазақстаннан шығару мәселесін талқылады
НҰР-СҰЛТАН, 13 қаңтар – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев телефон арқылы Ресей басшысы Владимир Путинмен әңгімелесті, деп хабарлайды Кремль сайты.
Тоқаев ҰҚШҰ күштерінің іс-қимылын ескере отырып қабылданған, елдегі тәртіпті біржола қалпына келтіру шаралары жайлы айтты.
Сондай-ақ ол Ресейге көмегі мен қолдауы үшін ризашылығын білдірді.
Бұдан бөлек, мемлекет басшылары ҰҚШҰ күштерін Қазақстан аумағынан шығарумен байланысты мәселелерді талқылады.
Еске салсақ, 13 қаңтарда ҰҚШҰ бітімгерлік контингентін Қазақстаннан шығару басталды. Әскерилер елге Тоқаевтың өтінішімен келген еді. ҰҚШҰ-ның соңғы бітімгері республикадан он күннен соң кетеді.
Қазақстанда бітімгерлер жауынгерлік іс-қимылға қатысқан жоқ, тек стратегиялық маңызы бар нысандарды күзетті. Елге барлығы Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан және Армениядан 2,3 мың бітімгер келді.
Жаңалықтар
0