https://sputnik.kz/20220113/Suleymenov-prezident-akimshiligi-19134687.html
Тимур Сүлейменов президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болды
Тимур Сүлейменов президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болды
Sputnik Қазақстан
Тимур Сүлейменов жаңа үкіметте мәдениет және спорт министрлігіне басшы болған Дәурен Абаевтың орнына келді 13.01.2022, Sputnik Қазақстан
2022-01-13T11:18+0500
2022-01-13T11:18+0500
2022-02-01T13:05+0500
қоғам
https://sputnik.kz/img/1103/74/11037486_103:-1:2973:1623_1920x0_80_0_0_d13b779cd4348a03c60ad52f2539eb20.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 13 қаңтар – Sputnik. Тимур Сүлейменов Қазақстан президенті әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды. Сүлейменов бұған дейін президент әкімшілігі басшысының орынбасары қызметін атқарған.Таяуда ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің экс-басшысы Аида Балаева мен президенттің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі бұрынғы арнайы өкілі Ержан Қазыхан президент әкімшілігі басшысының орынбасарлары болып тағайындалған болатын.Президент әкімшілігін Ерлан Қошанов басқарады.Тимур Сүлейменов туралы не білеміз?Тимур Сүлейменов 1978 жылы 5 сәуірде дүниеге келген. 2000 жылы Павлодар мемлекеттік университетін бітіріп, 2002 жылы "Болашақ" бағдарламасымен Мэриленд университетінде іскерлік әкімшілендіру магистрі мамандығы бойынша білім алған.Әр жылдары экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі, экономикалық даму және сауда вице-министрі, ұлттық экономика министрі қызметін атқарды.2019 жылдың наурызында ұлттық банк төрағасының орынбасары болып тағайындалып, көп ұзамай президенттің көмекшісі болды.2019 жылдың шілдесінен бүгінгі күнге дейін – президент әкімшілігі басшысының орынбасары."Құрмет", "Ерен еңбегі үшін" ордендерімен және басқа медальдармен марапатталған.Оқи отырыңыз: ҰҚК-ның Алматыдағы департаментіне жаңа басшы тағайындалды
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1103/74/11037486_247:-1:2829:1623_1920x0_80_0_0_bad7ae952cc887843b5f09000554f68d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Тимур Сүлейменов президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болды
11:18 13.01.2022 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Тимур Сүлейменов жаңа үкіметте мәдениет және спорт министрлігіне басшы болған Дәурен Абаевтың орнына келді
НҰР-СҰЛТАН, 13 қаңтар – Sputnik. Тимур Сүлейменов Қазақстан президенті әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды.
Сүлейменов бұған дейін президент әкімшілігі басшысының орынбасары қызметін атқарған.
Таяуда ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің экс-басшысы Аида Балаева мен президенттің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі бұрынғы арнайы өкілі Ержан Қазыхан президент әкімшілігі басшысының орынбасарлары болып тағайындалған болатын.
Президент әкімшілігін Ерлан Қошанов басқарады.
Тимур Сүлейменов туралы не білеміз?
Тимур Сүлейменов 1978 жылы 5 сәуірде дүниеге келген. 2000 жылы Павлодар мемлекеттік университетін бітіріп, 2002 жылы "Болашақ" бағдарламасымен Мэриленд университетінде іскерлік әкімшілендіру магистрі мамандығы бойынша білім алған.
Әр жылдары экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі, экономикалық даму және сауда вице-министрі, ұлттық экономика министрі қызметін атқарды.
2019 жылдың наурызында ұлттық банк төрағасының орынбасары болып тағайындалып, көп ұзамай президенттің көмекшісі болды.
2019 жылдың шілдесінен бүгінгі күнге дейін – президент әкімшілігі басшысының орынбасары.
"Құрмет", "Ерен еңбегі үшін" ордендерімен және басқа медальдармен марапатталған.