https://sputnik.kz/20220113/Aqtobe-tonau-shygyn-19130990.html
Ақтөбе облысының әкімдігі тонау салдарынан қанша шығын келгенін хабарлады
Ақтөбе облысының әкімдігі тонау салдарынан қанша шығын келгенін хабарлады
Sputnik Қазақстан
Әкімдіктегі мамандар ғимаратты қалпына келтіруге шамамен 2-3 апта қажет болатынын айтты 13.01.2022, Sputnik Қазақстан
2022-01-13T07:00+0500
2022-01-13T07:00+0500
2022-02-01T13:05+0500
өңірлер
https://sputnik.kz/img/944/33/9443360_0:116:1152:768_1920x0_80_0_0_c668e9839ef9718030fd135a0c364f8e.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 12 қаңтар – Sputnik. Ақтөбе облысы әкімдігінің ғимаратына 4 қаңтарда болған жаппай тәртіпсіздік кезінде қатты зақым келді. Алдын ала бағалау бойынша келтірілген шығын көлемі 300 миллион теңгені құрады. Бұл туралы тікелей эфир кезінде облыс әкімінің орынбасары Руслан Хамбаров мәлімдеді.Оның айтуынша, ноутбук, компьютер, фотоаппарат сынды кеңсе техникалары тоналған. Сондай-ақ есіктің барлығы сынған. Қазір бірнеше бағалау компаниясы жұмыс істеп жатыр. Алдағы аптада нақты шығын көлемі белгілі болады.Сонымен қатар Хамбаров 3 қаңтарда барлық қызметкер жұмыс орнында болғанын мәлімдеді. Елдегі жағдайға байланысты 4 қаңтарда қызметкерлерді үйлеріне қайтару туралы шешім қабылданған."Ғимарат ішінде тек өңір басшысы, кейбір басқарма басшыларының орынбасарлары болды. Қалған адамдар ғимараттан шығарылды. 4 қаңтарда бүлікшілер ғимаратты басып алып, тонады. Олар мұнда басып кіргенмен, ешқандай талап қойған жоқ. Олар тек тонап-талаумен айналысты. Ғимаратты басып алғаннан кейін әкім қауіпсіз жерге жеткізілді", - деді ол.Хамбаровтың айтуынша, ғимаратты қалпына келтіруге шамаман 2-3 апта қажет болады. Қазір көптеген қызметкер, қала аралаумен айналысып жүрген өңір басшысы да әкімдік ғимаратында жұмыс істеп жатыр.Оқи отырыңыз: Арасында қыздар бар: Алматыда дүкен тонаған 5 адам ұсталды
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/944/33/9443360_0:44:1152:768_1920x0_80_0_0_4e17d8b12db3761f778afc9874b9f920.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Ақтөбе облысының әкімдігі тонау салдарынан қанша шығын келгенін хабарлады
07:00 13.01.2022 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Әкімдіктегі мамандар ғимаратты қалпына келтіруге шамамен 2-3 апта қажет болатынын айтты
НҰР-СҰЛТАН, 12 қаңтар – Sputnik. Ақтөбе облысы әкімдігінің ғимаратына 4 қаңтарда болған жаппай тәртіпсіздік кезінде қатты зақым келді. Алдын ала бағалау бойынша келтірілген шығын көлемі 300 миллион теңгені құрады. Бұл туралы тікелей эфир кезінде облыс әкімінің орынбасары Руслан Хамбаров мәлімдеді.
"Ақтөбе облысында бір ғана ғимаратқа зақым келді. Бұл – облыстық әкімдік ғимараты. Тонаушылар әкімдікке басып кіріп, бір тәулік бойы тонап-талаумен айналысты. Біз алдын ала болжам бойынша шығын көлемін 300 миллион теңгеге бағалап отырмыз", - деді Хамбаров.
Оның айтуынша, ноутбук, компьютер, фотоаппарат сынды кеңсе техникалары тоналған. Сондай-ақ есіктің барлығы сынған. Қазір бірнеше бағалау компаниясы жұмыс істеп жатыр. Алдағы аптада нақты шығын көлемі белгілі болады.
Сонымен қатар Хамбаров 3 қаңтарда барлық қызметкер жұмыс орнында болғанын мәлімдеді. Елдегі жағдайға байланысты 4 қаңтарда қызметкерлерді үйлеріне қайтару туралы шешім қабылданған.
"Ғимарат ішінде тек өңір басшысы, кейбір басқарма басшыларының орынбасарлары болды. Қалған адамдар ғимараттан шығарылды. 4 қаңтарда бүлікшілер ғимаратты басып алып, тонады. Олар мұнда басып кіргенмен, ешқандай талап қойған жоқ. Олар тек тонап-талаумен айналысты. Ғимаратты басып алғаннан кейін әкім қауіпсіз жерге жеткізілді", - деді ол.
Хамбаровтың айтуынша, ғимаратты қалпына келтіруге шамаман 2-3 апта қажет болады. Қазір көптеген қызметкер, қала аралаумен айналысып жүрген өңір басшысы да әкімдік ғимаратында жұмыс істеп жатыр.