Қоғам

Ақпан айында жаңа үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді

© Sputnik / Владислав ВодневЗаседание правительства
Заседание правительства - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.01.2022
Жазылу
Қасым-Жомарт Тоқаев 11 қаңтарда парламентте өткен жиында үкіметтің алдына бірқатар ауқымды міндет қойды
НҰР-СҰЛТАН, 12 қаңтар – Sputnik. Осы жылдың ақпан айында жаңа құрамдағы үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді. Бұл туралы премьер-министр Әлихан Смайылов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Ол президент Қасым-Жомарт Тоқаев 11 қаңтарда парламентте өткен жиында үкіметтің алдына бірқатар ауқымды міндет қойғанын еске салды.
"Оның үстіне біз апта ішінде үкіметтің 2022 жылға арналған іс-қимыл бағдарламасын дайындауымыз қажет. Ол ақпан айының басында өтетін үкіметтің кеңейтілген отырысында қаралады", - деді Смайылов үкіметтің жаңа құрамының алғашқы отырысында.
Бүгін, 12 қаңтар елордада жаңа құрамдағы үкіметтің бірінші отырысы өтіп жатыр. Отырыста жаңа министрлер салтанатты түрде ант берді.
Еске салсақ, 11 қаңтар күні президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің жаңа басшысын тағайындады. Премьер-министр қызметіне Әлихан Смайылов келді.
Ол үкімет отставкаға кеткенге дейін экс-премьер Асқар Маминнің бірінші орынбасары болған еді.
Артынша мемлекет басшысы үкіметтің жаңа құрамын бекітті. Министрлердің көбі өз орнында қалды. Бірқатар ведомствоға жаңа басшы тағайындалды.

Оқи отырыңыз: 

 
Жаңалықтар
0