https://sputnik.kz/20220112/kredit-ayippul-osimaqy-19122799.html
Төтенше жағдай кезінде кредитке айыппұл мен өсімақы есептеуге тыйым салынады
Төтенше жағдай кезінде кредитке айыппұл мен өсімақы есептеуге тыйым салынады
Sputnik Қазақстан
Қазақстанның банк секторындағы жағдай тұрақты, үздіксіз жұмыс істеуді қамтамасыз ету үшін банктердің өз капиталының қоры мен өтімділігі жеткілікті 12.01.2022, Sputnik Қазақстан
2022-01-12T11:14+0500
2022-01-12T11:14+0500
2022-02-01T13:05+0500
экономика
төтенше жағдай
кредит
айыппұл
https://sputnik.kz/img/230/96/2309675_0:143:3135:1906_1920x0_80_0_0_bf020ef6767ef7fd1cc8436ed60ac3de.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 12 қаңтар — Sputnik. Қазақстанда төтенше жағдай кезінде кредит бойынша өсімақы пен айыппұл есептеуге тыйым салынды. Бұл туралы үкімет отырысында Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мадина Әбілқасымова мәлімдеді.Оның айтуынша, халық пен бизнесті қолдау үшін 11 қаңтарда агенттік төтенше жағдай енгізілуіне байланысты зардап шеккен жеке және заңды тұлғалардың кредиттері бойынша төлем күнін шегеру туралы бұйрық қабылдады.Қаржы саласын реттеуші ведомство басшысы Қазақстанның банк секторындағы жағдай тұрақты екенін, үздіксіз жұмысты қамтамасыз ету және халық пен бизнеске банк қызметтерін толық көлемде көрсету үшін банктердің өз капиталының қоры мен өтімділігі жеткілікті екенін айтты."Банк капиталдарының жеткіліктілігі талап етілген ең төменгі деңгейден кемінде үш есе жоғары. Өтімділігі де тұрақтандырушы мәннен төрт есе артық", - деді Мадина Әбілқасымова.6 қаңтарда бүкіл Қазақстанда төтенше жағдай режимі енгізілді. Ол сәрсенбі, 19 қаңтарға дейін созылады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/230/96/2309675_201:0:2932:2048_1920x0_80_0_0_380da39cf4e27aa2f60d3f2f09b89121.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
төтенше жағдай, кредит, айыппұл
төтенше жағдай, кредит, айыппұл
Төтенше жағдай кезінде кредитке айыппұл мен өсімақы есептеуге тыйым салынады
11:14 12.01.2022 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Қазақстанның банк секторындағы жағдай тұрақты, үздіксіз жұмыс істеуді қамтамасыз ету үшін банктердің өз капиталының қоры мен өтімділігі жеткілікті
НҰР-СҰЛТАН, 12 қаңтар — Sputnik. Қазақстанда төтенше жағдай кезінде кредит бойынша өсімақы пен айыппұл есептеуге тыйым салынды. Бұл туралы үкімет отырысында Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мадина Әбілқасымова мәлімдеді.
Оның айтуынша, халық пен бизнесті қолдау үшін 11 қаңтарда агенттік төтенше жағдай енгізілуіне байланысты зардап шеккен жеке және заңды тұлғалардың кредиттері бойынша төлем күнін шегеру туралы бұйрық қабылдады.
"Төтенше жағдай кезінде кредит төлемі кешіктірілген жағдайда айыппұл мен өсімақы белгілеуге тыйым салынып, кінәрат-талап ету жұмыстары тоқтатылды", - деді Әбілқасымова.
Қаржы саласын реттеуші ведомство басшысы Қазақстанның банк секторындағы жағдай тұрақты екенін, үздіксіз жұмысты қамтамасыз ету және халық пен бизнеске банк қызметтерін толық көлемде көрсету үшін банктердің өз капиталының қоры мен өтімділігі жеткілікті екенін айтты.
"Банк капиталдарының жеткіліктілігі талап етілген ең төменгі деңгейден кемінде үш есе жоғары. Өтімділігі де тұрақтандырушы мәннен төрт есе артық", - деді Мадина Әбілқасымова.
6 қаңтарда бүкіл Қазақстанда төтенше жағдай режимі енгізілді. Ол сәрсенбі, 19 қаңтарға дейін созылады.