https://sputnik.kz/20220112/komendant-astanalyqtar-undeu-19127572.html
Бір тәулікте 8 қылмыс, 83 жол апаты болды: комендант астаналықтарға үндеу жасады
Бір тәулікте 8 қылмыс, 83 жол апаты болды: комендант астаналықтарға үндеу жасады
Sputnik Қазақстан
Қала комендантының мәліметінше, жалпы алғанда елордада жағдай тыныш 12.01.2022, Sputnik Қазақстан
2022-01-12T15:31+0500
2022-01-12T15:31+0500
2022-02-01T13:05+0500
елорда тынысы
астаналық
қылмыс
жол апаты
үндеу
https://sputnik.kz/img/07e6/01/08/19094883_0:0:3073:1728_1920x0_80_0_0_c67cfeb6eab36575160e2570f1930337.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 12 қаңтар – Sputnik. Нұр-Сұлтанда бір тәулікте 8 қылмыс, 83 жол апаты тіркелді, салдарынан екі адам зардап шекті.Бұл туралы Нұр-Сұлтан коменданты Ержан Сәденов мәлімдеді."Сондай-ақ, 464 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды. Олардың арасында 183-і – тұру ережелерін бұзу, 36-сы – қоғамдық орындарда ішімдік ішу және 18-і – халықтың көші-қоны саласындағы құқықбұзушылықтар. Еске салсақ, қала периметрі бойынша тәулік бойы 6 блокбекет жұмыс істейді", - деді Сәденов.Оның мәліметінше, төтенше жағдай режимі енгізілгеннен бері елордада 200-ден аса адам ұсталды. Оның ішінде 28 адам әкімшілік қамауға алынды.Төтенше жағдай кезінде желіде жалған хабарламалар тарады, олар өшірілді. Сәденов тұрғындардан тек ресми ақпарат көздеріне сенуді сұрайды.Оқи отырыңыз: Алматыдағы президент резиденциясы тәртіпсіздіктен кейін қандай күйге түсті – видеоЖалған ақпарат таратудың 3 фактісі анықталды. Барлық дерек бойынша қылмыстық істер қозғалды."Жалған ақпарат таратуға жол берілмейтінін ескертемін. Төтенше жағдай кезінде Қылмыстық кодекстің 274-бабына сәйкес жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген", - деп толықтырды комендант.Ол төтенше жағдай кезінде құқыққа қайшы іс-әрекет жасау жағдайды ауырлататын мән-жай саналатынын және анағұрлым қатаң жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салып, коменданттық сағатты бұзбауға шақырды, деп хабарлайды қала әкімдігінің сайты.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/01/08/19094883_0:0:2731:2048_1920x0_80_0_0_84911b2b4ea11813339c886b8df5a64d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астаналық, қылмыс, жол апаты, үндеу
астаналық, қылмыс, жол апаты, үндеу
Бір тәулікте 8 қылмыс, 83 жол апаты болды: комендант астаналықтарға үндеу жасады
15:31 12.01.2022 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Қала комендантының мәліметінше, жалпы алғанда елордада жағдай тыныш
НҰР-СҰЛТАН, 12 қаңтар – Sputnik. Нұр-Сұлтанда бір тәулікте 8 қылмыс, 83 жол апаты тіркелді, салдарынан екі адам зардап шекті.
Бұл туралы Нұр-Сұлтан коменданты Ержан Сәденов мәлімдеді.
"Сондай-ақ, 464 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды. Олардың арасында 183-і – тұру ережелерін бұзу, 36-сы – қоғамдық орындарда ішімдік ішу және 18-і – халықтың көші-қоны саласындағы құқықбұзушылықтар. Еске салсақ, қала периметрі бойынша тәулік бойы 6 блокбекет жұмыс істейді", - деді Сәденов.
Оның мәліметінше, төтенше жағдай режимі енгізілгеннен бері елордада 200-ден аса адам ұсталды. Оның ішінде 28 адам әкімшілік қамауға алынды.
Төтенше жағдай кезінде желіде жалған хабарламалар тарады, олар өшірілді. Сәденов тұрғындардан тек ресми ақпарат көздеріне сенуді сұрайды.
Жалған ақпарат таратудың 3 фактісі анықталды. Барлық дерек бойынша қылмыстық істер қозғалды.
"Жалған ақпарат таратуға жол берілмейтінін ескертемін. Төтенше жағдай кезінде Қылмыстық кодекстің 274-бабына сәйкес жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген", - деп толықтырды комендант.
Ол төтенше жағдай кезінде құқыққа қайшы іс-әрекет жасау жағдайды ауырлататын мән-жай саналатынын және анағұрлым қатаң жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салып, коменданттық сағатты бұзбауға шақырды, деп хабарлайды қала әкімдігінің сайты.