https://sputnik.kz/20220112/jambyl-oblysyn-tartipsizdik-19109941.html
Жамбыл облысында тәртіпсіздікке қатысқан тағы 26 адам ұсталды
Жамбыл облысында тәртіпсіздікке қатысқан тағы 26 адам ұсталды
Sputnik Қазақстан
Жамбыл облысы бойынша жаппай тәртіпсіздікке қатысушылардың саны шамамен 2 мыңға жуық. Қазірге дейін олардың 400-ге жуығы полицияға жеткізілді 12.01.2022, Sputnik Қазақстан
2022-01-12T15:52+0500
2022-01-12T15:52+0500
2022-05-23T16:11+0500
терроризмге қарсы арнайы операция
жамбыл облысы
тәртіпсіздік
қаңтар оқиғасы
https://sputnik.kz/img/07e6/01/0a/19102065_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_aa678fa739de3483339576c23183de7f.jpg
АЛМАТЫ, 12 қаңтар – Sputnik. Жамбыл облысында тәртіпсіздікке қатысқан тағы 26 адам ұсталды, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.Ресми ақпаратқа сәйкес, олардан 13 қару-жарақ табылды. Ол бойынша қазір 11 қылмыстық іс қозғалды.Жамбыл облысы бойынша жаппай тәртіпсіздікке қатысушылардың саны шамамен 2 мыңға жуық. Қазірге дейін олардың 400-ге жуығы полицияға жеткізілді.Бүлік кезінде 287 адам түрлі дене жарақатын алып, 42 адам ауруханаға жатқызылған.Жедел операциялар нәтижесінде ұсталғандардың 31-і соттың шешімімен қамауға алынып, қылмыстық іс қозғалды. Ұсталғандардан 97 қару-жарақ тәркіленді. 142 әкімшілік іс қозғалған, оның ішінде 110 тұлға 15 тәулікке қамаққа алынса, 9 адамға айыппұл салынып, 23 азаматқа ескерту берілген.Айта кетері, бұған дейін Жамбыл облысы полиция департаменті облыс бойынша жаппай тәртіпсіздікке қатысты деген күдікпен 288 адам қамауға алынғанын хабарлады.Сондай-ақ облыста төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін 114 тұрғынға қатысты әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 476-бабының 1-бөлігінің 10-тармағы ("төтенше жағдай режимін бұзу") бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.Сот санкциясы бойынша 108 адам әкімшілік қамауға алынды.
жамбыл облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/01/0a/19102065_160:0:1120:720_1920x0_80_0_0_f9b871cead1ab458c7d13d724ba2fe2a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
терроризмге қарсы арнайы операция, жамбыл облысы, тәртіпсіздік
терроризмге қарсы арнайы операция, жамбыл облысы, тәртіпсіздік
Жамбыл облысында тәртіпсіздікке қатысқан тағы 26 адам ұсталды
15:52 12.01.2022 (жаңартылды: 16:11 23.05.2022) Жамбыл облысы бойынша жаппай тәртіпсіздікке қатысушылардың саны шамамен 2 мыңға жуық. Қазірге дейін олардың 400-ге жуығы полицияға жеткізілді
АЛМАТЫ, 12 қаңтар – Sputnik. Жамбыл облысында тәртіпсіздікке қатысқан тағы 26 адам ұсталды, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Ресми ақпаратқа сәйкес, олардан 13 қару-жарақ табылды. Ол бойынша қазір 11 қылмыстық іс қозғалды.
"Жедел-іздестіру шаралары барысында ұлттық қауіпсіздік комитеті облыстық департаментінің қызметкерлері ұсталғандардан 7 Калашников автоматын, 3 пулеметтік тапанша, 3 пышақ, 100 оқ-дәрі тәркіледі", - делінген ақпаратта.
Жамбыл облысы бойынша жаппай тәртіпсіздікке қатысушылардың саны шамамен 2 мыңға жуық. Қазірге дейін олардың 400-ге жуығы полицияға жеткізілді.
Бүлік кезінде 287 адам түрлі дене жарақатын алып, 42 адам ауруханаға жатқызылған.
Жедел операциялар нәтижесінде ұсталғандардың 31-і соттың шешімімен қамауға алынып, қылмыстық іс қозғалды. Ұсталғандардан 97 қару-жарақ тәркіленді. 142 әкімшілік іс қозғалған, оның ішінде 110 тұлға 15 тәулікке қамаққа алынса, 9 адамға айыппұл салынып, 23 азаматқа ескерту берілген.
Айта кетері, бұған дейін Жамбыл облысы полиция департаменті облыс бойынша жаппай тәртіпсіздікке қатысты деген күдікпен 288 адам қамауға алынғанын хабарлады.
Сондай-ақ облыста төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін 114 тұрғынға қатысты әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 476-бабының 1-бөлігінің 10-тармағы ("төтенше жағдай режимін бұзу") бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Сот санкциясы бойынша 108 адам әкімшілік қамауға алынды.