Елорда тынысы

Елордада эпидемиологиялық жағдай күрт нашарлады – Көлгінов

© Sputnik / Владислав ВодневОбстановка в аэропорту Нур-Султана
Обстановка в аэропорту Нур-Султана  - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.01.2022
Жазылу
Қалада "омикрон" пайда болғалы науқастар өскен. Дәрігерлер бұл жағдай өткен мерекелік күндермен тікелей байланысты екенін айтып отыр
НҰР-СҰЛТАН, 12 қаңтар – Sputnik. Елордада соңғы күндері эпидемиологиялық жағдай күрт нашарлап, коронавирус таралуы бойынша "қызыл" аймаққа өтті. 
"Бұрын тәулігіне орта есеппен коронавирус жұқтырған 100-ге жуық науқас тіркелсе, қазір бұл жағдай 1200-ден бір жарым мыңға дейін жетті. Күніне 100-ге жуық науқас ауруханаға жатқызуды қажет етеді. Ал бұл қаланың медициналық мекемелеріне үлкен жүктеме", - деп жазды елорда әкімі Алтай Көлгінов өзінің Instagram парақшасында.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Алтай Кульгинов (@altay_kulginov_official)

Оның айтуынша, қалада "омикрон" пайда болғалы науқастар саны күрт өскен. Дәрігерлер бұл жағдай өткен мерекелік күндермен тікелей байланысты екенін айтып отыр. Жедел медициналық жәрдем станциясына тәулігіне 4,5 мыңнан аса адам жүгінеді, шақырулар 2 мыңнан астам.
"Бүгін №10 емханаға бардым. Негізгі күш қаланың емханаларына түсіп отыр. Амбулаториялық қызметтердің жұмысын күшейтуді тапсырдым. Осыған дейін коронавируспен ауыратын науқастардың үйіне қатынайтын мобильді бригадалардың саны 300-ге дейін артқан", - деді қала басшысы.
Қосымша тағы 4 ауруханаға инфекциялық стационарлар орналастырылған. Төсек орын саны екі есе артқан. Жалпы алғанда 1200-ден астам төсек-орын бар.
"Науқастар санының одан әрі өсуіне жол бермеу үшін қала тұрғындарын санитарлық нормаларды қатаң сақтауға, адам көп жиналатын орындарға бармауға, бір-біріне қонаққа бармауға, ірі отырыстарға қатыспауға шақырамын", - деп жазды Көлгінов.
Ол әлі екпе алмаған барлық азаматты вакцина алуға, сондай-ақ ревакцинация уақыты жақындағандарды қайтадан екпе салдыруға шақырды. 
Сондай-ақ, әкім астанада қауіпсіздік жағдайы қамтамасыз етілгенін де айтты. Сөзіне қарағанда, жағдай тұрақты.
Жаңалықтар
0