https://sputnik.kz/20220112/bes-sagat-alkogol-satuga-ruqsat-berildi-19131571.html
Солтүстік Қазақстанда тәулігіне бес сағат алкоголь сатуға рұқсат берілді
Солтүстік Қазақстанда тәулігіне бес сағат алкоголь сатуға рұқсат берілді
Sputnik Қазақстан
Өңірдегі жағдайдың тұрақталуына баланысты осындай шешім қабылданды 12.01.2022, Sputnik Қазақстан
2022-01-12T20:51+0500
2022-01-12T20:51+0500
2022-02-01T13:05+0500
өңірлер
https://sputnik.kz/img/237/79/2377936_0:159:3077:1890_1920x0_80_0_0_58d9c10056fb5ba759ab1a1f0a560e10.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 12 қаңтар — Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында сағат 12:00-ден 17:00-ге дейін алкоголь сатуға рұқсат берілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Өңірдегі жағдайдың тұрақталуына байланысты Солтүстік Қазақстан облысының коменданты полиция генерал-майоры Марат Төлебаев 2022 жылдың 6 қаңтарында қабылданған бұйрыққа 12 қаңтарда бірнеше өзгерту енгізді."Петропавл қаласы мен Солтүстік Қазақстан облысының аумағында сағат 12:00-ден 17:00-ге дейін этил спирті мен алкогольді өнім сатуға рұқсат етілсін. Сағат 12:00-ден 17:00-ге дейін алкогольді өнім сату құқығын сақтай отырып, Петропавл қаласы мен Солтүстік Қазақстан облысының территориясында ойын-сауық, көңіл көтеру орындары, дәмхана, мейрамхана, барлардың жұмысына шектеу енгізілсін", - деп жазылған комендант бұйрығында.Солтүстік Қазақстан облысында 6 қаңтардан бастап төтенше жағдай режимі кезінде құрамында спирт бар сусындарды сатуға тыйым салынды. Дегенмен кейбір сауда орындары алкогольдік ішімдіктерді сатуды тоқтатпай, Петропавлда бес дүкен, Шал ақын ауданында тағы екі дүкен бұл шектеуді бұзғаны анықталды.Қазақстанда 19 қаңтарға дейін төтенше жағдай режимі енгізілген және бұл уақытта алкогольді ішімдік сатуға тыйым салынған.Оқи отырыңыз: Елордада төтенше жағдай режимін бұзған 22 адам жауапкершілікке тартылды
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/237/79/2377936_173:0:2904:2048_1920x0_80_0_0_ee049ee10b111e70807a2dcc07a9d566.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Солтүстік Қазақстанда тәулігіне бес сағат алкоголь сатуға рұқсат берілді
20:51 12.01.2022 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Өңірдегі жағдайдың тұрақталуына баланысты осындай шешім қабылданды
НҰР-СҰЛТАН, 12 қаңтар — Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында сағат 12:00-ден 17:00-ге дейін алкоголь сатуға рұқсат берілді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Өңірдегі жағдайдың тұрақталуына байланысты Солтүстік Қазақстан облысының коменданты полиция генерал-майоры Марат Төлебаев 2022 жылдың 6 қаңтарында қабылданған бұйрыққа 12 қаңтарда бірнеше өзгерту енгізді.
"Петропавл қаласы мен Солтүстік Қазақстан облысының аумағында сағат 12:00-ден 17:00-ге дейін этил спирті мен алкогольді өнім сатуға рұқсат етілсін. Сағат 12:00-ден 17:00-ге дейін алкогольді өнім сату құқығын сақтай отырып, Петропавл қаласы мен Солтүстік Қазақстан облысының территориясында ойын-сауық, көңіл көтеру орындары, дәмхана, мейрамхана, барлардың жұмысына шектеу енгізілсін", - деп жазылған комендант бұйрығында.
Солтүстік Қазақстан облысында 6 қаңтардан бастап төтенше жағдай режимі кезінде құрамында спирт бар сусындарды сатуға тыйым салынды. Дегенмен кейбір сауда орындары алкогольдік ішімдіктерді сатуды тоқтатпай, Петропавлда бес дүкен, Шал ақын ауданында тағы екі дүкен бұл шектеуді бұзғаны анықталды.
Қазақстанда 19 қаңтарға дейін төтенше жағдай режимі енгізілген және бұл уақытта алкогольді ішімдік сатуға тыйым салынған.