Өңірлер

Алматы лаңкестерден толық тазартылды – жедел штаб

© Photo : Официальный сайт КНБ КазахстанаПограничники не допустили захвата стратегически значимых объектов Алматы
Пограничники не допустили захвата стратегически значимых объектов Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.01.2022
Жазылу
Зардап шеккен әкімшілік ғимаратында 14 қалалық басқарма болған. Қазіргі уақытта олар резервтік ғимараттарға, сондай-ақ әкімшілікке қарасты ұйымдарға орналастырылды
НҰР-СҰЛТАН, 12 қаңтар – Sputnik. Алматы лаңкестерден толық тазартылды. Бұл туралы Алматыда президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа жедел штабтың отырысы кезінде мәлімдеді, деп хабарлайды Ақорда.
Жедел штаб отырысында үкіметтік комиссияның төрағасы, премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр, Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаев және ішкі істер, қорғаныс, төтенше жағдайлар министрлері баяндама жасады.
"Президентке Алматы қаласына қосымша күштер, соның ішінде ҰҚШҰ бітімгерлік контингентінің күштерін жұмылдыруға қатысты берген тапсырмасының нәтижесінде қала лаңкестерден толық тазартылғаны туралы баяндалды", - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта қала тіршілігін қамтамасыз ететін барлық саланың жұмысын қалпына келтіру белсенді жүріп жатыр.
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевт қаланы жылу, электр қуаты, су және газбен қамтамасыз ететін барлық нысан қалыпты жұмыс істеп жатқанын мәлімдеді. Сауда орталықтары, қоғамдық тамақтану орындары, базарлар, жанармай бекеттері және өнеркәсіп орындары жұмысын жандандыруда, қоғамдық көлік іске қосылды.
Зардап шеккен әкімшілік ғимаратында 14 қалалық басқарма болған. Қазіргі уақытта олар резервтік ғимараттарға, сондай-ақ әкімшілікке қарасты ұйымдарға орналастырылды.
Бұдан бөлек тәртіпсіздік кезінде келтірілген шығын көлемі анықталып жатыр.
Еске салсақ, 12 қаңтарда президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға барды.
Жаңалықтар
0