https://sputnik.kz/20220112/Zhambyl-oblysy-zhappay-tartipsizdik-19121776.html
Жамбыл облысында жаппай тәртіпсіздікке қатысқан 300-ге жуық адам қамалды
Жамбыл облысында жаппай тәртіпсіздікке қатысқан 300-ге жуық адам қамалды
Sputnik Қазақстан
Рейд кезінде 34 қару мен 43 патрон тәркіленді. Тәркіленген қаруға сот-баллистикалық сараптама тағайындалды 12.01.2022, Sputnik Қазақстан
2022-01-12T09:48+0500
2022-01-12T09:48+0500
2022-02-01T13:05+0500
өңірлер
жамбыл облысы
тәртіпсіздік
https://sputnik.kz/img/07e6/01/05/19050390_0:71:3043:1783_1920x0_80_0_0_b013218388096c2e1b96ff20e1b82785.jpg
АЛМАТЫ, 12 қаңтар – Sputnik. Жамбыл облысында жаппай тәртіпсіздікке қатысты деген күдікпен 300-ге жуық адам қамалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыс полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап."Жамбыл облысы бойынша жаппай тәртіпсіздікке қатысты деген күдікпен 288 адам қамауға алынған. 13 адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп хабарлады полиция.Сондай-ақ облыста төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін 114 тұрғынға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 476-бабының 1-бөлігінің 10-тармағы ("төтенше жағдай режимін бұзу") бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Сот санкциясы бойынша 108 адам әкімшілік қамауға алынды.Рейд кезінде 34 қару мен 43 патрон тәркіленді. Тәркіленген қаруға сот-баллистикалық сараптама тағайындалды.Айта кетері, бұған дейін Тараз қаласында террорлық шабуылға тосқауыл қойылып, он шақты қарулы қылмыскердің көзі жойылып, 269 бүлікші ұсталғаны хабарланды.Жалпы 15 адам қаза тапты. Оның екеуі құқық қорғау органдарының қызметкері екені де айтылды.Жеті полицей жарақат алса, оның ішінде екеуіне оқ тиген. 100-ден астам қызметтік көлік зардап шекті.Оқи отырыңыз:
жамбыл облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/01/05/19050390_312:0:3043:2048_1920x0_80_0_0_217e501e63c807536dbb7ab9c18bbebd.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жамбыл облысы, тәртіпсіздік
жамбыл облысы, тәртіпсіздік
Жамбыл облысында жаппай тәртіпсіздікке қатысқан 300-ге жуық адам қамалды
09:48 12.01.2022 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Рейд кезінде 34 қару мен 43 патрон тәркіленді. Тәркіленген қаруға сот-баллистикалық сараптама тағайындалды
АЛМАТЫ, 12 қаңтар – Sputnik. Жамбыл облысында жаппай тәртіпсіздікке қатысты деген күдікпен 300-ге жуық адам қамалды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан облыс полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Жамбыл облысы бойынша жаппай тәртіпсіздікке қатысты деген күдікпен 288 адам қамауға алынған. 13 адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп хабарлады полиция.
Сондай-ақ облыста төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін 114 тұрғынға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 476-бабының 1-бөлігінің 10-тармағы ("төтенше жағдай режимін бұзу") бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Сот санкциясы бойынша 108 адам әкімшілік қамауға алынды.
Рейд кезінде 34 қару мен 43 патрон тәркіленді. Тәркіленген қаруға сот-баллистикалық сараптама тағайындалды.
Айта кетері, бұған дейін Тараз қаласында террорлық шабуылға тосқауыл қойылып, он шақты қарулы қылмыскердің көзі жойылып, 269 бүлікші ұсталғаны хабарланды.
Жалпы 15 адам қаза тапты. Оның екеуі құқық қорғау органдарының қызметкері екені де айтылды.
Жеті полицей жарақат алса, оның ішінде екеуіне оқ тиген. 100-ден астам қызметтік көлік зардап шекті.