https://sputnik.kz/20220112/Toqaev-bas-khatshy-Stanislav-Zas-19131734.html
Тоқаев ҰҚШҰ бас хатшысы Станислав Засьті қабылдады
Тоқаев ҰҚШҰ бас хатшысы Станислав Засьті қабылдады
Sputnik Қазақстан
Президент хатшылық өзге халықаралық ұйымдардың басшылығымен арадағы ықпалдастықты жолға қоюы керек деп есептейді 12.01.2022, Sputnik Қазақстан
2022-01-12T19:33+0500
2022-01-12T19:33+0500
2022-02-01T13:05+0500
саясат
https://sputnik.kz/img/07e6/01/0c/19131387_0:117:2269:1400_1920x0_80_0_0_af488565f599056dcdf096736a3ddcc5.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 12 қаңтар – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ бас хатшысы Станислав Засьті қабылдады, деп хабарлады Ақорданың сайты. Мемлекет басшысы Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының кезектен тыс саммитінің қорытындысына көңілі толатынын айтып, ҰҚШҰ бойынша одақтастарына террористік акті кезінде қолдағаны және Қазақстанға көрсеткен көмегі үшін алғыс білдірді.Қазақстан президенті ҰҚШҰ бас хатшысының жеке өзінің және Хатшылықтың барлық қызметкері мен ҰҚШҰ-ның біріккен штабының еліміздегі бітімгерлік миссиясын ұйымдастыру жөніндегі күш-жігеріне қосқан үлесін атап өтті.Президент хатшылық өзге халықаралық ұйымдардың басшылығымен арадағы ықпалдастықты жолға қоюы керек деп есептейді."Бұл өте пайдалы болады. ҰҚШҰ бас хатшысының бітімгерлік операциялар жөніндегі арнаулы өкілінің институтын құру да өте дұрыс болады деп санаймын", - деп толықтырды мемлекет басшысы.ҰҚШҰ Бас хатшысы Қазақстанда ҰҚШҰ бітімгерлік миссиясының орындалу барысы, оның ішінде Қазақстан президенті белгілеген мерзім ішінде ұйымға мүше мемлекеттер контингенттерін елімізден шығаруға дайын екені туралы ақпарат берді.Станислав Зась та Қазақстан президенті ұсынған ҰҚШҰ бас хатшысының бітімгерлік мәселелері жөніндегі арнаулы өкілінің институтын құру жөніндегі бастаманы жүзеге асырудың уақтылы әрі маңызды екенін құптады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/01/0c/19131387_0:46:2269:1471_1920x0_80_0_0_837cd263728de236d55375e42d178ce8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Тоқаев ҰҚШҰ бас хатшысы Станислав Засьті қабылдады
19:33 12.01.2022 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Президент хатшылық өзге халықаралық ұйымдардың басшылығымен арадағы ықпалдастықты жолға қоюы керек деп есептейді
НҰР-СҰЛТАН, 12 қаңтар – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ бас хатшысы Станислав Засьті қабылдады, деп хабарлады Ақорданың сайты.
Мемлекет басшысы Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының кезектен тыс саммитінің қорытындысына көңілі толатынын айтып, ҰҚШҰ бойынша одақтастарына террористік акті кезінде қолдағаны және Қазақстанға көрсеткен көмегі үшін алғыс білдірді.
Қазақстан президенті ҰҚШҰ бас хатшысының жеке өзінің және Хатшылықтың барлық қызметкері мен ҰҚШҰ-ның біріккен штабының еліміздегі бітімгерлік миссиясын ұйымдастыру жөніндегі күш-жігеріне қосқан үлесін атап өтті.
"Аталған жағдай ұйымның әскери-саяси құрылым ретіндегі маңызды екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Қазір Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы туралы халықаралық қоғамдастықта әңгіме болып жатыр деп ойлаймын. Ұйымның тиімділігі қазіргі жағдайда мейлінше айқын көрінді. Сондықтан келешекте ҰҚШҰ өзін пайдалы құрылым ретінде танытады деп пайымдаймын", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент хатшылық өзге халықаралық ұйымдардың басшылығымен арадағы ықпалдастықты жолға қоюы керек деп есептейді.
"Бұл өте пайдалы болады. ҰҚШҰ бас хатшысының бітімгерлік операциялар жөніндегі арнаулы өкілінің институтын құру да өте дұрыс болады деп санаймын", - деп толықтырды мемлекет басшысы.
ҰҚШҰ Бас хатшысы Қазақстанда ҰҚШҰ бітімгерлік миссиясының орындалу барысы, оның ішінде Қазақстан президенті белгілеген мерзім ішінде ұйымға мүше мемлекеттер контингенттерін елімізден шығаруға дайын екені туралы ақпарат берді.
Станислав Зась та Қазақстан президенті ұсынған ҰҚШҰ бас хатшысының бітімгерлік мәселелері жөніндегі арнаулы өкілінің институтын құру жөніндегі бастаманы жүзеге асырудың уақтылы әрі маңызды екенін құптады.