https://sputnik.kz/20220112/Stavka-azamattar-kredit-19124202.html
Ставка төмендейді, кейбір азаматтарға кредит берілмейді – жаңа ұсыныстар
Ставка төмендейді, кейбір азаматтарға кредит берілмейді – жаңа ұсыныстар
Sputnik Қазақстан
Жеке тұлғалардың кредиттері бойынша пайыздық ставкаларды реттеу күшейтіледі 12.01.2022, Sputnik Қазақстан
2022-01-12T12:42+0500
2022-01-12T12:42+0500
2022-02-01T13:05+0500
экономика
кредит
мөлшерлеме
https://sputnik.kz/img/671/89/6718987_0:139:3151:1911_1920x0_80_0_0_3e90b651cc4832253d78be51ccd0cc77.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 12 қаңтар – Sputnik. Қазақстанда кредиттердің пайыздық ставкасы төмендетіліп, несие төлеуге шамасы жетпейтін азаматтарға кредит беру шектеледі. Бұл туралы қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Агенттік президенттің тұтынушылық кредитті реттеу тапсырмасын орындау үшін бірқатар шараны жүзеге асырады. Сондай-ақ үкімет әзірлеп жатқан "Жеке тұлғалардың банкроттығы" туралы заң жобасы аясында жеке тұлғалардың банктер мен микроқаржы ұйымдарындағы кредиттері бойынша, оның ішінде коллекторларға берілген проблемалық берешекті реттеу жөнінде шаралар қабылданады. Жеке тұлғалардың кредиттері бойынша пайыздық ставкаларды реттеу күшейтіледі. "Ол үшін ставкалардың шекті мәнін төмендету, сондай-ақ кредит бойынша сыйақының тиімді ставкасы есебіне қарыз алушының кез келген комиссиялары мен төлемдерін қосу көзделіп отыр. Бұл жаңадан берілетін кредиттер бойынша халықтың борыш жүктемесінің өсуін шектейді", - деді агенттік төрағасы. 12 қаңтарда мәжілісте өткен жиында президент Қасым-Жомарт Тоқаев халықтың кредитті көп алып жатқанына назар аударды. Тұтынушылық кредиттердің мөлшері бизнесті кредиттеу көлемінен асып кеткен. Президент бұл қаржы нарығын құбылтып, әлеуметтік тұрақсыздық қаупін тудыруы мүмкін екенін ескертті. Осыған байланысты мемлекет басшысы шектен тыс қарыздың көбеюін болдырмау үшін Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне Ұлттық банкпен бірлесіп, пруденциялық реттеу тетіктері арқылы нақты әрі жедел шешім қабылдауды тапсырды.Оқи отырыңыз:
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/671/89/6718987_209:0:2940:2048_1920x0_80_0_0_abd536f2f4f222fd73cd4dbc9d519613.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
кредит, мөлшерлеме
Ставка төмендейді, кейбір азаматтарға кредит берілмейді – жаңа ұсыныстар
12:42 12.01.2022 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Жеке тұлғалардың кредиттері бойынша пайыздық ставкаларды реттеу күшейтіледі
НҰР-СҰЛТАН, 12 қаңтар – Sputnik. Қазақстанда кредиттердің пайыздық ставкасы төмендетіліп, несие төлеуге шамасы жетпейтін азаматтарға кредит беру шектеледі. Бұл туралы қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Агенттік президенттің тұтынушылық кредитті реттеу тапсырмасын орындау үшін бірқатар шараны жүзеге асырады.
"Банктерге және микроқаржы ұйымдарына қатысты тәуекелі жоғары тұтынушылық кредиттер бойынша қосымша шектеулер енгізу қарастырылады. Нәтижесінде төлем жасау қабілеті жеткіліксіз қарыз алушыларға кредит беру шектеледі", - деді Әбілқасымова үкімет отырысында.
Сондай-ақ үкімет әзірлеп жатқан "Жеке тұлғалардың банкроттығы" туралы заң жобасы аясында жеке тұлғалардың банктер мен микроқаржы ұйымдарындағы кредиттері бойынша, оның ішінде коллекторларға берілген проблемалық берешекті реттеу жөнінде шаралар қабылданады.
Жеке тұлғалардың кредиттері бойынша пайыздық ставкаларды реттеу күшейтіледі.
"Ол үшін ставкалардың шекті мәнін төмендету, сондай-ақ кредит бойынша сыйақының тиімді ставкасы есебіне қарыз алушының кез келген комиссиялары мен төлемдерін қосу көзделіп отыр. Бұл жаңадан берілетін кредиттер бойынша халықтың борыш жүктемесінің өсуін шектейді", - деді агенттік төрағасы.
12 қаңтарда мәжілісте өткен жиында президент Қасым-Жомарт Тоқаев халықтың кредитті көп алып жатқанына назар аударды. Тұтынушылық кредиттердің мөлшері бизнесті кредиттеу көлемінен асып кеткен. Президент бұл қаржы нарығын құбылтып, әлеуметтік тұрақсыздық қаупін тудыруы мүмкін екенін ескертті.
Осыған байланысты мемлекет басшысы шектен тыс қарыздың көбеюін болдырмау үшін Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне Ұлттық банкпен бірлесіп, пруденциялық реттеу тетіктері арқылы нақты әрі жедел шешім қабылдауды тапсырды.