https://sputnik.kz/20220112/Reseylik-BAQ-UQShU-19130490.html
Ресейлік БАҚ: ҰҚШҰ – алты мемлекеттің бірлескен жұмысының жемісі
Ресейлік БАҚ: ҰҚШҰ – алты мемлекеттің бірлескен жұмысының жемісі
Sputnik Қазақстан
ҰҚШҰ-ның қорғанысын пайдалану үшін ұжымшылдық пен жауапкершілік таныту керек 12.01.2022, Sputnik Қазақстан
2022-01-12T21:52+0500
2022-01-12T21:52+0500
2022-02-01T13:05+0500
қоғам
https://sputnik.kz/img/07e6/01/0b/19114321_12:0:1228:684_1920x0_80_0_0_608850b9b32a60ad3c82b14e8c67ba4a.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 12 қаңтар – Sputnik. Қазақстан билігі ҰҚШҰ бітімгерлік күштерінің көмегімен террористерге тойтарыс берді. Қазір де елде бүлікшілерді ұстау операциялары жалғасып жатқанымен, үкімет жағдайды біршама реттеді.Бірақ бұл жаңалық батыстың титығына тиген сыңайлы. Ақ үй Қазақстан президенті Тоқаевтың террористерге қарсы оқ ату туралы бұйрығына алаңдаушылық танытты. Сонда америкалық режим Қазақстан азаматтары бір-бірін көшеде қырып жатқанын қолдап отыр ма? Осыдан кейін АҚШ-тың дипломатиялық өкілдігі өзінің Қазақстандағы миссияларының санын қысқартты, деп хабарлады РИА Новости.Қаңырап қалған көшелер, жазықсыз өлтірілген азаматтар, өртке оранған ғимараттар мен автокөліктер – батыс бұрынғы КСРО республикалары осындай кейіпке енгенін көксеп отырған сыңайлы. Жапония мен ГФР-де бұл жоспар іске аспады.Көрікті Алматы – бұл бағдарламаның бірінші тармағы ғана. Қазақстанмен шектеліп қалатын түрі жоқ. 2019 жылы Rand Corporation АҚШ қорғаныс ведомстволарының ұстанымын жариялау кезінде "Ресейде тепе-теңдікті бұзу және шиеленіс тудыру" бойынша нақты жоспарды атап көрсетті. Онда барлығы тәптіштеп жазылған: алдымен Украинаға қару жеткізу, одан соң Беларусьті жабдықтау, Орталық Азияда дүрбелең тудыру, Оңтүстік Кавказда жағдайды шиеленістіру және Молдавияға Приднестровьені қайтару. Америкалық серіктестер бұрынғы КСРО аумағында сақталған өркениеттің барлығын құрдымға кетіргісі келеді, деп жазды басылым.Мақала авторының пікірінше, орыстар өз шекарасымен іргелес жатқан мемлекеттердің барлығы қуатты әрі тәуелсіз ел ретінде дамығанын қолдайды. Бірнеше ғасыр бойы өркениет пен дамудың көзі болған Ресей осы өңірдің одан әрі гүлденуін басты мүдде етіп қарастырып отыр.Ауғанстаннан кеткеннен кейін америкалықтар үшін Орталық Азияда әскери база орналастыру маңызы артты. Олар өткен жылдың көктемінде бұл мемлекеттер АҚШ әскерилерін өз аумағында жайғастыруға құлшыныс танытып отыр деген ақпарат таратты. Бірақ әзірше Өзбекстан өз жерінде америкалықтарды орналастырудан бас тартып, әлі де бұл райынан қайтқан жоқ. Өзбекстан әзірше ҰҚШҰ құрамында емес. Сондықтан ол жақта да Қазақстандағыдай аласапыран басталса, Мәскеу көмекке келуге үлгермеуі мүмкін.Молдавия сынды НАТО-ға да, ҰҚШҰ-ға да мүше емес мемлекеттер блоктан тыс статустарын кәдеге жаратуға тырысып жатыр. Бірақ Приднестровья мәселесі Майя Сандудың отанында шешілетін болса, онда молдован жерінде жойқын Майдан ұйымдастырылуы ықтимал.Ақ үйдің айтқанымен жүру бақыт пен тұрақтылыққа жеткізетін жол екеніне сенуге болмайды. Сенбейтіндер Оңтүстік Кореяда ел билігін қалай ауыстырып жатқанына зер салсын. Ол жақта президент қызметіндегі тұлғаны түрмеге жауып, атуға жазасына кесу түк емес.Әлемдегі ең технологиялық және үдемелі мегаполистердің бірі саналатын Сеулде әр демалыс сайын алаң наразылық білдірушілерге лық толады. Митингіге шығуға түрлі себеп бар.Алайда Оңтүстік Корея Вашингтон әкімшілігімен етене байланыста әрекет етіп жатқан мемлекет екені бүкіл әлемге белгілі. Әлемдегі ең озық мемлекеттің бірі бола тұра, мұнда көшбасшыны тақтан түсіру қатаң сипатта жүреді. Шағын Майдан ба дерсің. Басқа елге бас сауғалап қашып, сырттан басқарудың орнына Ұымдық қауіпсіздік шарты арқылы өз елінде билік жүргізген абзал емес пе?Посткеңестік мемлекеттер халық қамын ойлап, экономиканы күшейтуі керек деген пікір бар. Сонда ешқандай шиеленіс болмайды. Кедейлікпен күресу қажет екеніне еш дау жоқ. Әлеуметтік қоғамды тамақпен қамтамасыз етіп, білім және басқа да қажеттіні қолжетімді ету керек. Бірақ бұл елдің тыныштығы мен қауіпсіздігіне кепіл бола алмайды.Гонконг – әлемдегі ең бай мегаполистердің бірінде бірнеше айға созылған наразылықтар тіршілікті тұралатып тастады. Көлік жүрмеді, шағын бизнес шығынға батты, танымал қонақ үйлер қаңырап қалды, туризм құрдымға кетті – мұның бәріне үгіт-насихатқа ерген студенттердің көшедегі бассыздықтары себеп. 2020 жылы АҚШ-тағы дамып келе жатқан Портлен қаласы әп-сәтте кедейлік шахарына айналды. Орталық Азиядағы ең сұлу қалалардың бірі болған Алматыға бұл фактор террористерден қорғануға көмектесті ме? Жоқ.Кейбір посткеңестік мемлекеттер үшінші тарапқа үміт артып отыр. Мысалы, Әзербайжан "Ұлы Тұран" жобасының аясында белсенді. Бірақ Ердоғанның көзі кеткеннен кейін Әзербайжан аласапыран және дүрбелеңмен тек өзі ғана бетпе-бет жалғыз қалуы бек мүмкін, деп атап өткен басылым.ҰҚШҰ – алты мемлекеттің бірлескен жұмысының жемісі. Оның қорғанысын пайдалану үшін ұжымшылдық пен жауапкершілік таныту керек. Мемлекеттік даналық пен стратегиялық есепті басты ұстаным ету қажет.
https://sputnik.kz/20220112/UQShU-skerleri-elden-shygaryla-bastaydy-19128762.html
https://sputnik.kz/20220111/qazaqstan-bitimger-missiya-19110542.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/01/0b/19114321_164:0:1076:684_1920x0_80_0_0_3266a30ddae5ed7940c3319f1f087fe0.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Ресейлік БАҚ: ҰҚШҰ – алты мемлекеттің бірлескен жұмысының жемісі
21:52 12.01.2022 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) ҰҚШҰ-ның қорғанысын пайдалану үшін ұжымшылдық пен жауапкершілік таныту керек
НҰР-СҰЛТАН, 12 қаңтар – Sputnik. Қазақстан билігі ҰҚШҰ бітімгерлік күштерінің көмегімен террористерге тойтарыс берді. Қазір де елде бүлікшілерді ұстау операциялары жалғасып жатқанымен, үкімет жағдайды біршама реттеді.
Бірақ бұл жаңалық батыстың титығына тиген сыңайлы. Ақ үй Қазақстан президенті Тоқаевтың террористерге қарсы оқ ату туралы бұйрығына алаңдаушылық танытты. Сонда америкалық режим Қазақстан азаматтары бір-бірін көшеде қырып жатқанын қолдап отыр ма? Осыдан кейін АҚШ-тың дипломатиялық өкілдігі өзінің Қазақстандағы миссияларының санын қысқартты, деп хабарлады
РИА Новости.Қаңырап қалған көшелер, жазықсыз өлтірілген азаматтар, өртке оранған ғимараттар мен автокөліктер – батыс бұрынғы КСРО республикалары осындай кейіпке енгенін көксеп отырған сыңайлы. Жапония мен ГФР-де бұл жоспар іске аспады.
Көрікті Алматы – бұл бағдарламаның бірінші тармағы ғана. Қазақстанмен шектеліп қалатын түрі жоқ. 2019 жылы Rand Corporation АҚШ қорғаныс ведомстволарының ұстанымын жариялау кезінде "Ресейде тепе-теңдікті бұзу және шиеленіс тудыру" бойынша нақты жоспарды атап көрсетті. Онда барлығы тәптіштеп жазылған: алдымен Украинаға қару жеткізу, одан соң Беларусьті жабдықтау, Орталық Азияда дүрбелең тудыру, Оңтүстік Кавказда жағдайды шиеленістіру және Молдавияға Приднестровьені қайтару. Америкалық серіктестер бұрынғы КСРО аумағында сақталған өркениеттің барлығын құрдымға кетіргісі келеді, деп жазды басылым.
Мақала авторының пікірінше, орыстар өз шекарасымен іргелес жатқан мемлекеттердің барлығы қуатты әрі тәуелсіз ел ретінде дамығанын қолдайды. Бірнеше ғасыр бойы өркениет пен дамудың көзі болған Ресей осы өңірдің одан әрі гүлденуін басты мүдде етіп қарастырып отыр.
Ауғанстаннан кеткеннен кейін америкалықтар үшін Орталық Азияда әскери база орналастыру маңызы артты. Олар өткен жылдың көктемінде бұл мемлекеттер АҚШ әскерилерін өз аумағында жайғастыруға құлшыныс танытып отыр деген ақпарат таратты. Бірақ әзірше Өзбекстан өз жерінде америкалықтарды орналастырудан бас тартып, әлі де бұл райынан қайтқан жоқ. Өзбекстан әзірше ҰҚШҰ құрамында емес. Сондықтан ол жақта да Қазақстандағыдай аласапыран басталса, Мәскеу көмекке келуге үлгермеуі мүмкін.
Молдавия сынды НАТО-ға да, ҰҚШҰ-ға да мүше емес мемлекеттер блоктан тыс статустарын кәдеге жаратуға тырысып жатыр. Бірақ Приднестровья мәселесі Майя Сандудың отанында шешілетін болса, онда молдован жерінде жойқын Майдан ұйымдастырылуы ықтимал.
Ақ үйдің айтқанымен жүру бақыт пен тұрақтылыққа жеткізетін жол екеніне сенуге болмайды. Сенбейтіндер Оңтүстік Кореяда ел билігін қалай ауыстырып жатқанына зер салсын. Ол жақта президент қызметіндегі тұлғаны түрмеге жауып, атуға жазасына кесу түк емес.
Әлемдегі ең технологиялық және үдемелі мегаполистердің бірі саналатын Сеулде әр демалыс сайын алаң наразылық білдірушілерге лық толады. Митингіге шығуға түрлі себеп бар.
Алайда Оңтүстік Корея Вашингтон әкімшілігімен етене байланыста әрекет етіп жатқан мемлекет екені бүкіл әлемге белгілі. Әлемдегі ең озық мемлекеттің бірі бола тұра, мұнда көшбасшыны тақтан түсіру қатаң сипатта жүреді. Шағын Майдан ба дерсің. Басқа елге бас сауғалап қашып, сырттан басқарудың орнына Ұымдық қауіпсіздік шарты арқылы өз елінде билік жүргізген абзал емес пе?
Посткеңестік мемлекеттер халық қамын ойлап, экономиканы күшейтуі керек деген пікір бар. Сонда ешқандай шиеленіс болмайды. Кедейлікпен күресу қажет екеніне еш дау жоқ. Әлеуметтік қоғамды тамақпен қамтамасыз етіп, білім және басқа да қажеттіні қолжетімді ету керек. Бірақ бұл елдің тыныштығы мен қауіпсіздігіне кепіл бола алмайды.
Гонконг – әлемдегі ең бай мегаполистердің бірінде бірнеше айға созылған наразылықтар тіршілікті тұралатып тастады. Көлік жүрмеді, шағын бизнес шығынға батты, танымал қонақ үйлер қаңырап қалды, туризм құрдымға кетті – мұның бәріне үгіт-насихатқа ерген студенттердің көшедегі бассыздықтары себеп. 2020 жылы АҚШ-тағы дамып келе жатқан Портлен қаласы әп-сәтте кедейлік шахарына айналды. Орталық Азиядағы ең сұлу қалалардың бірі болған Алматыға бұл фактор террористерден қорғануға көмектесті ме? Жоқ.
Кейбір посткеңестік мемлекеттер үшінші тарапқа үміт артып отыр. Мысалы, Әзербайжан "Ұлы Тұран" жобасының аясында белсенді. Бірақ Ердоғанның көзі кеткеннен кейін Әзербайжан аласапыран және дүрбелеңмен тек өзі ғана бетпе-бет жалғыз қалуы бек мүмкін, деп атап өткен басылым.
ҰҚШҰ – алты мемлекеттің бірлескен жұмысының жемісі. Оның қорғанысын пайдалану үшін ұжымшылдық пен жауапкершілік таныту керек. Мемлекеттік даналық пен стратегиялық есепті басты ұстаным ету қажет.