https://sputnik.kz/20220112/Elorda-totenshe-zhagday-rezhi-19120234.html
Елордада 200-ге жуық адам төтенше жағдай режимін бұзған
Елордада 200-ге жуық адам төтенше жағдай режимін бұзған
Sputnik Қазақстан
Рейдтер барысында 2246 жалдамалы тұрғын үй мен 221 хостелге тексеріс жүргізілді 12.01.2022, Sputnik Қазақстан
2022-01-12T07:01+0500
2022-01-12T07:01+0500
2022-02-01T13:05+0500
өңірлер
астана
төтенше жағдай
https://sputnik.kz/img/07e6/01/0b/19112695_0:11:3073:1740_1920x0_80_0_0_ec2719f69976d3ae37c3468aad3f922a.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 12 қаңтар – Sputnik. Төтенше жағдай режимі басталғаннан бері полицейлер жағдайды тұрақтандыру, қоғамдық тәртіпті, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қылмыстың уақтылы алдын алып, жолын кесу мақсатында жергілікті-рейдтік іс-шаралар өткізуде.Рейдтер барысында 2246 жалдамалы тұрғын үй мен 221 хостелге тексеріс жүргізілді. 525-ке жуық көші-қон заңнамасын бұзу фактілері анықталып, 36 заңсыз келіп-кетуші қабылдап-тарату орнына орналастырылды.Төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін елордада 196 азамат Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 476-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардың 16-сы қамауға алынды, қалғандарына айыппұл салынбақ.Елорда тұрғындары коменданттық сағаттың енгізілгеніне қарамастан, қандай да бір қажеттілік болмаса да көшеде жүреді. Олардың арасынан төтенше жағдай режимін әдейі бұзушылар да кездеседі, оларға қатысты сот қамауға алу туралы шешім қабылдайды.Қазіргі уақытта елордада жағдай тұрақты. Құқық қорғау органдары қоғамдық тәртіпті және азаматтардың қауіпсіздігін тиісінше қорғауды қамтамасыз етуде. Нұр-Сұлтандағы жағдай толықтай бақылауда тұр. Күдікті адамдар мен тыйым салынған заттарды анықтау үшін тәуліктік режимде 6 блокбекетте көлік құралдарының қозғалысына тексеріс жүрізіледі.
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/01/0b/19112695_342:0:3073:2048_1920x0_80_0_0_9a7b9ac2c53c2840680c5821469fd14d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астана, төтенше жағдай
Елордада 200-ге жуық адам төтенше жағдай режимін бұзған
07:01 12.01.2022 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Рейдтер барысында 2246 жалдамалы тұрғын үй мен 221 хостелге тексеріс жүргізілді
НҰР-СҰЛТАН, 12 қаңтар – Sputnik. Төтенше жағдай режимі басталғаннан бері полицейлер жағдайды тұрақтандыру, қоғамдық тәртіпті, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қылмыстың уақтылы алдын алып, жолын кесу мақсатында жергілікті-рейдтік іс-шаралар өткізуде.
Рейдтер барысында 2246 жалдамалы тұрғын үй мен 221 хостелге тексеріс жүргізілді. 525-ке жуық көші-қон заңнамасын бұзу фактілері анықталып, 36 заңсыз келіп-кетуші қабылдап-тарату орнына орналастырылды.
Төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін елордада 196 азамат Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 476-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардың 16-сы қамауға алынды, қалғандарына айыппұл салынбақ.
Елорда тұрғындары коменданттық сағаттың енгізілгеніне қарамастан, қандай да бір қажеттілік болмаса да көшеде жүреді. Олардың арасынан төтенше жағдай режимін әдейі бұзушылар да кездеседі, оларға қатысты сот қамауға алу туралы шешім қабылдайды.
Қазіргі уақытта елордада жағдай тұрақты. Құқық қорғау органдары қоғамдық тәртіпті және азаматтардың қауіпсіздігін тиісінше қорғауды қамтамасыз етуде. Нұр-Сұлтандағы жағдай толықтай бақылауда тұр. Күдікті адамдар мен тыйым салынған заттарды анықтау үшін тәуліктік режимде 6 блокбекетте көлік құралдарының қозғалысына тексеріс жүрізіледі.