https://sputnik.kz/20220112/Almatyda-studentter-qashyqtan-oqidy-19131863.html
Алматыда оқушылар мен студенттер қашықтан оқиды
Алматыда оқушылар мен студенттер қашықтан оқиды
Sputnik Қазақстан
Алматылық оқушылар 31 қаңтарға, студенттер 6 ақпанға дейін қашықтан оқыту форматына көшірілді 12.01.2022, Sputnik Қазақстан
2022-01-12T19:55+0500
2022-01-12T19:55+0500
2022-02-01T13:05+0500
төтенше жағдай және карантин
өңірлер
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/08/18861288_0:100:3287:1949_1920x0_80_0_0_2d7b2134d78b8d8d5ac71e26dc0887ce.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 12 қаңтар – Sputnik. Алматыда оқушылар мен студенттер онлайн оқытуға көшірілді. Мұндай шешім коронавирус инфекциясының өршуіне байланысты қабылданып отыр.Алматы қаласы бас санитар дәрігерінің міндетін атқарушы Сәдуақас Байғабылов оқушылар 31 қаңтарға дейін, студенттер 6 ақпанға дейін қашықтан оқыту форматына көшірілетінін мәлімдеді.Балабақшалар қалыпты режимде жұмыс істейді.Айта кетері, бұған дейін елорданың оқушылары да осындай оқу форматқа көшетіні белгілі болды.Санитар дәрігерлердің мәліметінше, Нұр-Сұлтанда коронавирустың Омикрон штаммы таралып жатыр. Дәрігерлер эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауын адамдардың вакциналауды елемей, бетперде режимін, әлеуметтік қашықтықты сақтамауымен байланыстырып отыр.Елорданың бас санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, бүгіннен бастап сыртта және іште бұқаралық шараларды өткізуге тыйым салынған. Отбасылық және еске алу жиындарын да ұйымдастыруға болмайды. Бірақ "Ashyq" жобасына қатысатын нысандарда 30 адамға дейін жиналып, ас беруге рұқсат бар.Нұр-Сұлтанда тағы қандай шектеулер енгізілгенін мына сілтемеден оқыңыз.Оқи отырыңыз: "Омикрон" штамы балаларда ауыр өтеді – инфекционист
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/08/18861288_278:0:3009:2048_1920x0_80_0_0_130bf34e3afeab40a99056e8dd555868.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
төтенше жағдай және карантин
төтенше жағдай және карантин
Алматыда оқушылар мен студенттер қашықтан оқиды
19:55 12.01.2022 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Алматылық оқушылар 31 қаңтарға, студенттер 6 ақпанға дейін қашықтан оқыту форматына көшірілді
НҰР-СҰЛТАН, 12 қаңтар – Sputnik. Алматыда оқушылар мен студенттер онлайн оқытуға көшірілді. Мұндай шешім коронавирус инфекциясының өршуіне байланысты қабылданып отыр.
Алматы қаласы бас санитар дәрігерінің міндетін атқарушы Сәдуақас Байғабылов оқушылар 31 қаңтарға дейін, студенттер 6 ақпанға дейін қашықтан оқыту форматына көшірілетінін мәлімдеді.
Балабақшалар қалыпты режимде жұмыс істейді.
Айта кетері, бұған дейін елорданың оқушылары да осындай оқу форматқа көшетіні белгілі болды.
Санитар дәрігерлердің мәліметінше, Нұр-Сұлтанда коронавирустың Омикрон штаммы таралып жатыр. Дәрігерлер эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауын адамдардың вакциналауды елемей, бетперде режимін, әлеуметтік қашықтықты сақтамауымен байланыстырып отыр.
Елорданың бас санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, бүгіннен бастап сыртта және іште бұқаралық шараларды өткізуге тыйым салынған. Отбасылық және еске алу жиындарын да ұйымдастыруға болмайды. Бірақ "Ashyq" жобасына қатысатын нысандарда 30 адамға дейін жиналып, ас беруге рұқсат бар.
Нұр-Сұлтанда тағы қандай шектеулер енгізілгенін
мына сілтемеден оқыңыз.