Өңірлер

Арасында қыздар бар: Алматыда дүкен тонаған 5 адам ұсталды

© Photo : Пресс-служба департамента полиции АлматыКража чернозема в Алматы
Кража чернозема в Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.01.2022
Жазылу
Қазір олардың басқа да заңға қайшы әрекеттерге қатысы бар-жоғы анықталып жатыр
НҰР-СҰЛТАН, 12 қаңтар – Sputnik. Алматының Алмалы ауданының полиция басқармасы тонаумен айналысты деген күдікпен 21-27 жас аралығындағы бес азаматты қолға түсірді. Олардың арасында екі қыз бар.
Алматы комендатурасы күдіктілер есірткі заттарын дайындаумен айналысқанын мәлімдеді.
Ұсталғандар паналаған жалдамалы пәтерден құқық қорғау органдарының өкілдері синтетикалық есірткінің 70 орамасын, киім-кешек, әскери амуниция, сондай-ақ тәртіпсіздік кезінде дүкеннен тоналған цифрлық техника, атап айтқанда, компьютердің екі процессоры мен мониторын, ноутбуктер, теледидарлар, проекторлар, пернетақта, виртуалды ойындарға арналған бас киім тапты.
Күдіктілер қамауға алынды.
Қазір олардың басқа да заңға қайшы әрекеттерге қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0