Өңірлер

Лаңкестік пен тонауға қатысы бар тағы 1 678 адам ұсталды

© REUTERS / PAVEL MIKHEYEVМитингующие в Алматы нападают на полицейскую машину
Митингующие в Алматы нападают на полицейскую машину - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.01.2022
Жазылу
11 қаңтардағы жағдай бойынша, Алатау және Медеу аудандарының аумағы қылмыскерлерден тазартылды
АЛМАТЫ, 12 қаңтар – Sputnik. Алматыда лаңкестік, тонау және басқа да қылмыстарға қатысы бар деген 1 678 адам ұсталды, деп хабарлады қала комендатурасының ақпарат орталығы.
11 қаңтардағы жағдай бойынша, Алатау және Медеу аудандарының аумағы қылмыскерлерден тазартылды.
"Қазақстан президенті жарлығымен Алматыда коменданттық сағат енгізілген. Сақтық шаралары барынша қолға алынды. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде азаматтардың құқығын сақтауға, заңдылықты орнатуға ішкі істер органдарының қызметкерлері және әскери жасақтар жұмылдырылды. Өткен тәулікте қалада 14 қылмыс болды, оның барлығы ізі суымай ашылды", - деді қала коменданты Қанат Таймерденов.
Айтуынша, 36 бірлік атыс қаруы мен 1 мың 476 оқ-дәрі тәркіленді.
"Алматының шетінде орналасқан 5 блокбекетте 38 адам ұсталды. "102" пультіне 881 хабарлама түсті. Комендатураның call орталығына азаматтардан жедел әрекет етуді талап ететін 136 қоңырау қабылданды. Барлық хабарламалар өңделді", - деді Таймерденов.
Таймерденов төтенше жағдай кезінде орындалуға тиіс басты әрі уақытша шектеулер қарастырылғанын айтты. Осы уақытта жасалған құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік едәуір қатаң болады.
Айта кетері, мамандар бұған дейін Әуезов, Алатау және Медеу аудандарының аумағы, сондай-ақ "Өжет" ықшамауданы мен Алматы халықаралық әуежайына шекаралас аумақта лаңкестерден тазарту жұмыстары жүргізілгенін мәлімдеді.

Оқи отырыңыз: 

 
Жаңалықтар
0