https://sputnik.kz/20220112/Almaty-Toqaev-19128166.html
Алдымызда қысқа мерзім ішінде Алматыны қалпына келтіру міндеті тұр – Тоқаев
Алдымызда қысқа мерзім ішінде Алматыны қалпына келтіру міндеті тұр – Тоқаев
Sputnik Қазақстан
Президент үкіметтік комиссияға Алматы әкімдігімен бірлесіп, инфрақұрылым нысандарын қалпына келтіруді тапсырды 12.01.2022, Sputnik Қазақстан
2022-01-12T16:03+0500
2022-01-12T16:03+0500
2022-02-01T13:05+0500
экономика
https://sputnik.kz/img/07e6/01/0c/19126944_0:310:3073:2048_1920x0_80_0_0_238785c404cfe81a495fac1ba51324c8.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 12 қаңтар – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыда жедел штабтың отырысын өткізді. Президент үкіметке қаланы қысқа мерзім ішінде қалпына келтіруді тапсырды, деп хабарлайды Ақорда.Тоқаев еліміздің ірі қаласына жасалған террористік шабуыл салдарын өз көзімен көру үшін Алматыға арнайы келгенін айтты.Президент үкіметтік комиссияға Алматы әкімдігімен бірлесіп, инфрақұрылым нысандарын, оның ішінде мемлекеттік, құқық қорғау және арнаулы құрылымдардың ғимараттарын, бейнебақылау жүйесін қысқа мерзім ішінде қалпына келтіруді тапсырды.Сонымен қатар зардап шеккен кәсіпкерлерге қолдау көрсетіледі."Өздеріңізге мәлім, Алматы – менің туған қалам. Осында дүниеге келдім, оқыдым. Алдымызда қысқа мерзім ішінде қаланы қалпына келтіру міндеті тұр. Бұл – менің Президент ретінде және еліміздің азаматы ретінде парызым. Қаланың қалпына келетініне еш күмән жоқ. Үкіметтің алдында қаланың келбетін бұрынғыдан да жақсарту міндеті тұр. Бұл өте үлкен жұмыс", – деді Тоқаев.Оқи отырыңыз: Тоқаев Алматыға барды
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/01/0c/19126944_0:118:3073:2048_1920x0_80_0_0_e87f2a5e6a4f244865d3f88784b1e438.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Алдымызда қысқа мерзім ішінде Алматыны қалпына келтіру міндеті тұр – Тоқаев
16:03 12.01.2022 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Президент үкіметтік комиссияға Алматы әкімдігімен бірлесіп, инфрақұрылым нысандарын қалпына келтіруді тапсырды
НҰР-СҰЛТАН, 12 қаңтар – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыда жедел штабтың отырысын өткізді. Президент үкіметке қаланы қысқа мерзім ішінде қалпына келтіруді тапсырды, деп хабарлайды Ақорда.
Тоқаев еліміздің ірі қаласына жасалған террористік шабуыл салдарын өз көзімен көру үшін Алматыға арнайы келгенін айтты.
Президент үкіметтік комиссияға Алматы әкімдігімен бірлесіп, инфрақұрылым нысандарын, оның ішінде мемлекеттік, құқық қорғау және арнаулы құрылымдардың ғимараттарын, бейнебақылау жүйесін қысқа мерзім ішінде қалпына келтіруді тапсырды.
Сонымен қатар зардап шеккен кәсіпкерлерге қолдау көрсетіледі.
"Өздеріңізге мәлім, Алматы – менің туған қалам. Осында дүниеге келдім, оқыдым. Алдымызда қысқа мерзім ішінде қаланы қалпына келтіру міндеті тұр. Бұл – менің Президент ретінде және еліміздің азаматы ретінде парызым. Қаланың қалпына келетініне еш күмән жоқ. Үкіметтің алдында қаланың келбетін бұрынғыдан да жақсарту міндеті тұр. Бұл өте үлкен жұмыс", – деді Тоқаев.