Өңірлер

Әрекеттерін видеоға түсірген: Алматының маңайында тағы 14 қарақшы ұсталды

© PhotoГрабитель, кража, взлом
Грабитель, кража, взлом - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.01.2022
Жазылу
Алдын ала мәліметке сәйкес, қарақшылар – Нарынкөл мен Кеген ауылдарының тұрғындары
НҰР-СҰЛТАН, 11 қаңтар – Sputnik. Талғар ауданында тәртіпсіздіктер кезінде дүкен тонаған 14 қарақшы ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Ресми мәліметке сәйкес, 6-8 қаңтар аралығында Алматы қаласымен шекаралас жерде 14 адам ұсталды. Олар Талғар ауданы арқылы қашып кетпекші болған.
"Блок-бекеттерде қызмет атқарып жүрген құқық қорғау органдары, әкімдік қызметкерлері мен жасақтардың арқасында қарақшылар қолға түсті. Олардан ұрланған ақша, телефондар, киім және танымал брендтердің аяқ киімдер тәркіленді", - делінген ресми хабарламада.
Бұдан бөлек, қарақшылардың телефондарында Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде түсірілген видео анықталды. Олар тонау әрекеттерін де ұялы телефонға жазып алған. Алдын ала мәліметке сәйкес, қарақшылар – Нарынкөл мен Кеген ауылдарының тұрғындары.

Оқи отырыңыз: 

 
Жаңалықтар
0