Алматыдағы жаппай тәрпісіздіктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.05.2022
Қаңтар оқиғасы
2022 жылғы қаңтарда Алматы қаласы мен басқа да өңірлерде болған жаппай тәртіпсіздіктерге қатысты материалдар

Тоқаев: ҰҚК басшылары қару мен құпия құжаттарды қалдырып, ғимараттан кетіп қалды

© Sputnik / Тимур БатыршинЗдание департамента КНБ РК по городу Алматы
Здание департамента КНБ РК по городу Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.01.2022
Жазылу
Мемлекет басшысының жарлығымен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы ауысқан болатын. Қазір ведомствоны 55 жастағы Ермек Сағымбаев басқарады
НҰР-СҰЛТАН, 11 қаңтар – Sputnik. Бүлік кезінде кейбір өңірде Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменттерінің басшылары қызметтік ғимараттан кетіп қалған. Бұл туралы өз мәлімдемесінде президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.
"Жеткілікті жауынгерлік арсеналдың болғанына қарамастан, бірқатар өңірде Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменттерінің басшылары ұрысқа қатыспай, қару мен құпия құжаттарды қалдырып, қызметтік ғимараттан кетіп қалған", - деді ол.
Еске сала кетсек, 5 қаңтарда Қауіпсіздік қызметінің кеңесінен кейін Кәрім Мәсімов Алматыдағы тәртіпсіздік пен антитеррористік операцияға байланысты отставкаға жіберілді. Мемлекет басшысының жарлығымен Кәрім Мәсімов Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы лауазымынан босатылды. Ал кейін оның қамауға алынғаны белгілі болды. Мәсімов пен өзге де тұлғаларға мемлекетке сатқындық жасады деген айып тағылып отыр. Мемлекетке сатқындық жасаушылар 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 
Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары, Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Самат Әбіш ұсталды деген ақпарат тараған болатын. Алайда ведомство мұны жоққа шығарды. Ол қызметінен босатылған.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жаңа басшысы болып 55 жастағы Ермек Сағымбаев тағайындалды. 
Комитет кеше, 10 қаңтарда Қазақстандағы ахуал тұрақтанып, бақылауға алынғанын хабарлады. Ақпаратқа сәйкес, терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтар террористік қауіп-қатер ошақтарын залалсыздандырды. Аса маңызды стратегиялық нысандар мен қару және оқ-дәрілер сақталатын орындардың қауіпсіздігі қамтамасыз етілді.
ҰҚК барлық азаматты құқықтық тәртіп органдарына террористік іс-әрекетке қатысы бар адамдарды анықтауда көмек көрсетуге және жаппай тәртіпсіздік кезінде ұрланған атыс қаруы мен оқ-дәрілерді ерікті түрде тапсыруға шақырды.
Жаңалықтар
0