Қазақстандағы тәртіпсіздіктің салдары - жантүршігерлік суреттер
17:00 11.01.2022 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022)
Жазылу
Sputnik Қазақстан қаңтардың басында елімізде болған тәртіпсіздіктер мен наразылық акцияларының өрбуін еш боямасыз сипаттайтын суреттер ұсынады
Алматыдағы аласапыран, көшедегі көк түтін, отқа оранған автокөліктер мен ғимараттар. Мына суреттерге қарағанда денең түршігеді.
Жаңа жыл басталған шақта елдің батысында наразылық акциялары өтті. Оған газдың күрт қымбаттауы себеп болды.
Одан кейін мұндай митингтер елдің басқа аймақтарында да басталды. Елде төтенше жағдай режимі енгізілді.
Бірақ оңтүстіктегі астана бәрінен қатты зардап шекті. Мұнда наразылық акциясы жаппай тәртіпсіздік пен бүлікке ұласты. Қалаға орасан зор зардап келді.
11 қаңтар Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.
Алматы мен елдің басқа қалаларында түсірілген үрейлі среттерді топтамадан көріңіз.

1/29
© REUTERS / PAVEL MIKHEYEV
Наразылық акциясы кезінде өртеп жіберген Алматы әкімдігі және ғимарат алдында тұрған ер адам.

2/29
© AP Photo / Yan Blagov
Шабуыл кезіндегі Алматы әкімдігі.

3/29
© REUTERS / STRINGER
Бүлікшілер қиратқаннан кейін Алматы әкімдігіндегі кабинеттер.

4/29
© AFP 2024 / ALEXANDER BOGDANOV
Әкімшілік ғимаратының қақпасына соғылып, кейін жанып кеткен өрт сөндіру көлігі

5/29
© Sputnik / Владислав Воднев
Нұр-Сұлтанда үкімет пен парламент ғимаратының маңын қарулы адамдар күзетіп тұр.

6/29
© Sputnik / Владислав Воднев
Нұр-Сұлтан әуежайының жанындағы броньдалған әскери техника.

7/29
© Sputnik / Жанна Етекбаева
Талдықорғандағы қалалық полиция ғимараты.

8/29
© Sputnik / Владислав Воднев
Нұр-Сұлтанда үкімет пен парламент ғимаратының маңайын қару асынған әскерилер бақылап тұр.

9/29
© Sputnik / Жанна Етекбаева
Талдықорған қаласы әкімдігінің жанып кеткен ғимараты.

10/29
© Sputnik / Владислав Воднев
Нұр-Сұлтан әуежайында рейстер кешіккен кезде адамдар қоршаудан өтуге тырысып жатыр.

11/29
© Sputnik / Абзал Калиев
Үкімет пен парламент ғимаратының маңайын арнайы мақсаттағы әскери күш күзетіп тұр.

12/29
© REUTERS / PAVEL MIKHEYEV
Полиция қызметкері терезесін оқ тескен көлік ішінде отыр.

13/29
© REUTERS / STRINGER
Жаппай тәртіпсіздіктер кезіндегі Республика алаңы.

14/29
© REUTERS / MARIYA GORDEYEVA
Алматыда Республика алаңындағы әскери қызметшілер.

15/29
© Sputnik / Абзал Калиев
Республиканың бас қаласында банкоматтарда кезек туындады.

16/29
© AFP 2024 / ABDUAZIZ MADYAROV
Жаппай тәртіпсіздіктер кезінде арнайы мақсаттағы полиция жасағы Алматы көшелерінде күзетте тұр.

17/29
© Sputnik / Абзал Калиев
Командант сағаты енгізілер алдында Нұр-Сұлтандағы ахуал. Көшеде қарулы күш саласының көліктері тұр.

18/29
© Sputnik / Абзал Калиев
Нұр-Сұлтанда комендант сағаты басталмас бұрын көшеде келе жатқан бір топ ер адам.

19/29
© AFP 2024 / ABDUAZIZ MADYAROV
Алматыдағы митинг.

20/29
© REUTERS / Stringer
Алматы әкімдігі жанында жанып кеткен көлік қаңқасы.

21/29
© REUTERS / PAVEL MIKHEYEV
Алматыда тәртіпсіздік кезінде полиция көлігі жанып жатыр.

Алматыда наразылық білдірушілер жағып жіберуге тырысқан Nur Otan партиясының Әуезов ауданындағы филиалының ғимараты.

23/29
© Sputnik/ Ольга Тонконог
Алматы көшелерінің қақ ортасында от бықсып жатыр.

Алматы көшесінде аударылып қалған полиция көлігі.

25/29
© Sputnik/ Ольга Тонконог
Айналаның барлығын күл мен түтін басқан.

26/29
© AFP 2024 / ALEXANDER BOGDANOV
Алматы орталығында жанып кеткен бульдозер.

27/29
© AFP 2024 / ALEXANDER BOGDANOV
Адамдар Алматы орталығындағы әкімшілік ғимараттар орналасқан орталық алаң арқылы өтіп жатыр.

28/29
© REUTERS / PAVEL MIKHEYEV
Ер адам Алматыдағы наразылық акциясы кезінде жанып кеткен көлік жанынан өтіп бара жатыр.

29/29
© REUTERS / PAVEL MIKHEYEV
Алматыда бүлік кезінде өртеп жіберген әкімдік ғимараты.
