https://sputnik.kz/20220111/qazaqstan-jana-premer-19110184.html
Қазақстанның жаңа премьері тағайындалды
Қазақстанның жаңа премьері тағайындалды
Sputnik Қазақстан
Мәжілістегі үш фракция да оның кандидатурасын мақұлдады. Қатысып отырған 89 депутат кандидатураны қолдап дауыс берді 11.01.2022, Sputnik Қазақстан
2022-01-11T10:19+0500
2022-01-11T10:19+0500
2022-02-01T13:05+0500
саясат
қазақстан
премьер-министр
кадрлық ауыс-түйіс
https://sputnik.kz/img/1266/60/12666038_0:107:2048:1259_1920x0_80_0_0_e28fe5ba4e91225d5d1010d89603d535.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 11 қаңтар – Sputnik. Парламент мәжілісі президент Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министр қызметіне ұсынған Әлихан Смайыловтың кандидатурасын мақұлдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Мемлекет басшысы бүгін, 11 қаңтарда мәжіліс отырысына қатысып, премьер-министр кандидатурасына Әлихан Смайыловты ұсынды. Мәжілістегі үш фракция да оның кандидатурасын мақұлдады.Қатысып отырған 89 депутат кандидатураны қолдап дауыс берді. Тоқаев жаңа премьер-министрге табыс тіледі.Еске салсақ, 5 қаңтарда елдегі жаппай наразылықтан кейін президент үкіметті отставкаға жіберді. Премьер-министр міндетін уақытша атқару Әлихан Смайыловқа жүктелді.Смайыловтың өмірбаяныӘлихан Асханұлы Смайылов 1972 жылы дүниеге келген. 1994 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін "қолданбалы математика" мамандығы бойынша тәмамдайды. 1996 жылы ҚР Президенті жанындағы Қазақстан менеджмент, экономика және болжамдау институтының мемлекеттік басқару магистрі дәрежесін алады.Әр жылдары қаржы вице-министрі, "ҚазАгро" Ұлттық холдинг президенті, статистика агенттігінің төрағасы, Қазақстан президентінің көмекшісі, қаржы министрі қызметін атқарды.Үкімет отставкаға кеткенге дейін премьер-министрдің бірінші орынбасары болып істеді.
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1266/60/12666038_114:0:1935:1366_1920x0_80_0_0_c9d544a5740c11ecd22d99483a4c5057.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан, премьер-министр
қазақстан, премьер-министр
Қазақстанның жаңа премьері тағайындалды
10:19 11.01.2022 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Мәжілістегі үш фракция да оның кандидатурасын мақұлдады. Қатысып отырған 89 депутат кандидатураны қолдап дауыс берді
НҰР-СҰЛТАН, 11 қаңтар – Sputnik. Парламент мәжілісі президент Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министр қызметіне ұсынған Әлихан Смайыловтың кандидатурасын мақұлдады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Мемлекет басшысы бүгін, 11 қаңтарда мәжіліс отырысына қатысып, премьер-министр кандидатурасына Әлихан Смайыловты ұсынды. Мәжілістегі үш фракция да оның кандидатурасын мақұлдады.
Қатысып отырған 89 депутат кандидатураны қолдап дауыс берді. Тоқаев жаңа премьер-министрге табыс тіледі.
Еске салсақ, 5 қаңтарда елдегі жаппай наразылықтан кейін президент үкіметті отставкаға жіберді. Премьер-министр міндетін уақытша атқару Әлихан Смайыловқа жүктелді.
Әлихан Асханұлы Смайылов 1972 жылы дүниеге келген. 1994 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін "қолданбалы математика" мамандығы бойынша тәмамдайды. 1996 жылы ҚР Президенті жанындағы Қазақстан менеджмент, экономика және болжамдау институтының мемлекеттік басқару магистрі дәрежесін алады.
Әр жылдары қаржы вице-министрі, "ҚазАгро" Ұлттық холдинг президенті, статистика агенттігінің төрағасы, Қазақстан президентінің көмекшісі, қаржы министрі қызметін атқарды.
Үкімет отставкаға кеткенге дейін премьер-министрдің бірінші орынбасары болып істеді.