Экономика

Президент: "Самұрық-Қазынаның" қомақты жалақы алатын қызметкерлері немен айналысады?

© Photo : пресс-служба АО "ФНБ "Самрук-Казына" Фонд "Самрук-Казына"
 Фонд Самрук-Казына - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.01.2022
Жазылу
НовостиTelegram
Қасым-Жомарт Тоқаев егер қорды реформалау мүлде мүмкін болмаса, ондай құрылымның экономикамызда болмағаны жөн екенін баса айтты
НҰР-СҰЛТАН, 11 қаңтар – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжілістегі отырыста "Самұрық-Қазына" қорының тиімділігі мәселесін көтерді. 
Президенттің айтуынша, бүгінде бұл қордың активі еліміздің ішкі жалпы өнімінің 60 процентіне жуықтайды.
"Яғни, осы ұйымның тиімді қызметі бүкіл экономикамызды өркендетуге тікелей әсер етеді. Қордың инфрақұрылымдық компаниялары экономикамыздың барлық дерлік секторын айқындайды. Осы тұста қор өзінің негізгі міндетін орындап отыр ма? Яғни, ұлттық байлықты еселей алды ма? деген орынды сұрақ туындайды. Қомақты жалақы алатын қызметкерлері, директорлар кеңесі немен айналысады?", - деді президент.
Ол қызметі өте қымбат консталтинг компанияларын және шетелдік мамандарды жұмысқа тартқанынан пайда бар ма деп сұрады.
Тоқаев "Самұрық-Қазына" қоры еліміздің стратегиялық активтерін басқару ісінде басты рөл атқаратынын атап өтті. Сондықтан үкіметке стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігімен бірлесіп, квазимемлекеттік секторды түбегейлі реформалау үшін ұсыныстар әзірлеуді тапсырамын.
Егер қорды реформалау мүлде мүмкін болмаса, ондай құрылымның экономикамызда болмағаны жөн.

"Самұрық-Қазына" не үшін құрылды

"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы – әртүрлі саладағы мемлекеттік активтерді (меншікті) басқаратын холдинг. Холдингтің негізгі құрылтайшысы және иесі Қазақстан үкіметі. Басқару органы - Директорлар кеңесінен тұрады, ал атқарушы орган қызметін басқарма атқарады. Қордың барлық шаруашылық қызметі ішкі және сыртқы аудит арқылы бақыланады. Қор ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында 2008 жылы құрылды.
Қор қызметінің негізгі міндеттері:
  • компаниялардың ұзақ мерзімді экономикалық құндылығын барынша көбейту және олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
  • компанияларды корпоративтік басқарудың әлемдік тәжірибесін енгізу;
  • ұлттық және халықаралық ауқымдағы инвестициялық жобаларды әзірлеу және іске асырылуын қамтамасыз ету.
Жаңалықтар
0