Алматыдағы жаппай тәрпісіздіктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.05.2022
Қаңтар оқиғасы
2022 жылғы қаңтарда Алматы қаласы мен басқа да өңірлерде болған жаппай тәртіпсіздіктерге қатысты материалдар

Алматы облысы әкімінің орынбасары тәртіпсіздіктер кезінде зардап шекті

CC0 / / В больничной палате
В больничной палате - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.01.2022
Жазылу
Бұған дейін әлеуметтік желілерде жалған болып шыққан шенеуніктің өлімі туралы ақпарат болған
ТАЛДЫҚОРҒАН, 11 қаңтар – Sputnik. Алматы облысында аймақ әкімінің бірінші орынбасары Ләззат Тұрлашовтың қайтыс болғаны туралы ақпарат жоққа шығарылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Әлеуметтік желілер мен БАҚ-та Алматы облысы әкімі орынбасарларының бірі Ләззат Махатұлы Тұрлашовтың қайтыс болғаны туралы ақпарат тарап жатыр. 
Аймақ әкімі кеңесшілерінің бірінің айтуынша, Тұрлашов жаппай тәртіпсіздік кезінде қатты зардап шеккен, бірақ аман және медициналық мекемелердің бірінде ем қабылдауда.
"Ләззат Махатұлымен бүгін сөйлестім. Ол емделуден өтеді. Жағдайы қанағаттанарлық, жақын арада өз міндеттерін орындауға кіріседі деп үміттенемін", - деді Алматы облысы әкімдігінің өкілі Ғалымұрат Жукел.
Ресми ақпаратқа сәйкес, Талдықорғанда шенеунік диалог орнатып, келіссөз жүргізуге тырысқан. Наразылар мемлекеттік қызметшіні соққыға жыққан.
Жаңалықтар
0