Экономика

Утилизациялық алымның мөлшері қайта қаралады – Тоқаев тапсырма берді

© Sputnik / Владислав ВодневВиды Нур-Султана
Виды  Нур-Султана - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.01.2022
Жазылу
Yandex newsTelegram
"Оператор "РОП-тың" утилизациялық алымға иелік етуін тоқтатып, оны мемлекеттік ұйымға беруді тапсырды
НҰР-СҰЛТАН, 11 қаңтар – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев автокөліктер үшін төленетін утилизациялық алымның мөлшерін қайта қарап шығуды тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Үкіметке утилизациялық алымды және "Оператор "РОП-тың" сол утилизациялық алымды иелік етуін тоқтату бойынша тиісті шараларды қолға алуды тапсырамын. Бұл жұмыспен шет мемлекеттердегідей мемлекеттік ұйым айналысуы қажет. Ал алымның өзіне келер болсақ, оның мөлшерін қайта қарау қажет ", - деді Тоқаев мәжіліс отырысында.
Осы орайда мемлекет басшысы автомобиль өнеркәсібін және ауыл шаруашылығы көліктерін құрастыру саласын қолдау шараларын жалғастыру қажеттігін ерекше атап өтті.
"Бұл мәселені бизнес пен қоғаммен конструктивті тұрғыда жан-жақты талқылап шыққан жөн. Ал отандық автокөліктер мен ауыл шаруашылығы техникасын сатып алатын адамдарға утилизациялық алымның есебінен ваучерлер беруді қарастырған дұрыс", – деп атап өтті президент.
Айта кетері, Қазақстанда жеңіл көліктерге арналған утилизациялық алым 2016 жылы енгізілген болатын. Ал 2019 жылы ауыл шаруашылығы техникасына қолданыла бастады. "Оператор "РОП-тың" бес жылдық жұмысы нәтижесінде 579 миллиард теңгенің утилизациялық алымы төленді.
Оқи отырыңыз: Министр автокөліктерге арналған VIP нөмірлер тізімін кеңейтуді ұсынды 
Жаңалықтар
0