https://sputnik.kz/20220111/Toqaev-mazhilis-malimdeme-19108271.html
Тоқаев бүгін мәжілісте маңызды мәлімдеме жасайды
Тоқаев бүгін мәжілісте маңызды мәлімдеме жасайды
Sputnik Қазақстан
Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәжілісте өтетін жиынның нақты уақытын жариялады 11.01.2022, Sputnik Қазақстан
2022-01-11T08:17+0500
2022-01-11T08:17+0500
2022-02-01T13:05+0500
терроризмге қарсы арнайы операция
саясат
қасым-жомарт тоқаев
мәлімдеме
https://sputnik.kz/img/07e6/01/09/19096448_0:0:3373:1898_1920x0_80_0_0_f051bb105f8bfd25ad11c7c299edf179.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 11 қаңтар – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін, 11 қаңтарда жаңа премьердің кандидатурасын ұсынады.Сондай-ақ Тоқаев саяси және әлеуметтік-экономикалық салалардағы өзекті мәселелерді шешу бойынша ауқымды баяндама жасайды.Президенттің қатысуымен өтетін жиынды "Хабар 24" телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.Еске салсақ, 5 қаңтар күні мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметті отставкаға жіберді.Қазір премьер-министр міндетін уақытша Әлихан Смайылов атқарып жүр.Қазақстанда не болып жатыр2 қаңтарда Маңғыстау облысының тұрғындары наразылыққа шықты. Оған автокөлікке құятын газдың құны литріне 120 теңгеге дейін өскені себеп болған. Наразылық білдірушілер бағаны 50 теңгеге дейін төмендетуді талап етті. Арнайы құрылған үкіметтік комиссия белсенділермен келіссөз жүргізіп, бұл талап орындалатынын мәлімдеді.Артынша басқа қалалардың халқы да наразылық шеруіне шыға бастады.Ал Алматыда наразылық соңы лаңкестік әрекетке ұласты. Көшеге шыққандар полиция көліктерін қиратып, әкімшілік ғимараттарды өртеп жіберді. Алматы полиция департаментінің ғимаратына шабуыл жасады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Алматы қаласы мен 9 облыс орталығы бандиттердің қолында болған. Содырлар тіпті, Ақорданы да басып алуды жоспарлаған. Алайда елордағаа үш әскери-көлік ұшағының келгенін естіп, бұл жоспарынан бас тартқан.Осы оқиғалардан кейін президент ҰҚШҰ-дан көмек сұрады. Осылайша Қазақстанға 2 мыңнан аса ҰҚШҰ күштері мен 250 техника кіргізілді. Олар стратегиялық маңызды объектілерді күзетеді. Ал антитеррористік операцияны қазақстандық күш құрылымдары қызметкерлері жүргізіп жатыр.Қазақстанда 19 қаңтарға дейін төтенше жағдай режимі жарияланды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/01/09/19096448_340:0:3071:2048_1920x0_80_0_0_babaf20da75cd054d979ddb53e7f37fd.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
терроризмге қарсы арнайы операция, қасым-жомарт тоқаев, мәлімдеме
терроризмге қарсы арнайы операция, қасым-жомарт тоқаев, мәлімдеме
Тоқаев бүгін мәжілісте маңызды мәлімдеме жасайды
08:17 11.01.2022 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәжілісте өтетін жиынның нақты уақытын жариялады
НҰР-СҰЛТАН, 11 қаңтар – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін, 11 қаңтарда жаңа премьердің кандидатурасын ұсынады.
"Бүгін сағат 11.15-те мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бейнебайланыс арқылы парламент мәжілісінің отырысына қатысып, еліміздің жаңа премьер-министрінің кандидатурасын ұсынады", - деп жазды президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-те.
Сондай-ақ Тоқаев саяси және әлеуметтік-экономикалық салалардағы өзекті мәселелерді шешу бойынша ауқымды баяндама жасайды.
Президенттің қатысуымен өтетін жиынды "Хабар 24" телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.
Еске салсақ, 5 қаңтар күні мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметті отставкаға жіберді.
Қазір премьер-министр міндетін уақытша Әлихан Смайылов атқарып жүр.
Қазақстанда не болып жатыр
2 қаңтарда Маңғыстау облысының тұрғындары наразылыққа шықты. Оған автокөлікке құятын газдың құны литріне 120 теңгеге дейін өскені себеп болған. Наразылық білдірушілер бағаны 50 теңгеге дейін төмендетуді талап етті. Арнайы құрылған үкіметтік комиссия белсенділермен келіссөз жүргізіп, бұл талап орындалатынын мәлімдеді.
Артынша басқа қалалардың халқы да наразылық шеруіне шыға бастады.
Ал Алматыда наразылық соңы лаңкестік әрекетке ұласты. Көшеге шыққандар полиция көліктерін қиратып, әкімшілік ғимараттарды өртеп жіберді. Алматы полиция департаментінің ғимаратына шабуыл жасады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Алматы қаласы мен 9 облыс орталығы бандиттердің қолында болған. Содырлар тіпті, Ақорданы да басып алуды жоспарлаған. Алайда елордағаа үш әскери-көлік ұшағының келгенін естіп, бұл жоспарынан бас тартқан.
Осы оқиғалардан кейін президент ҰҚШҰ-дан көмек сұрады. Осылайша Қазақстанға 2 мыңнан аса ҰҚШҰ күштері мен 250 техника кіргізілді. Олар стратегиялық маңызды объектілерді күзетеді. Ал антитеррористік операцияны қазақстандық күш құрылымдары қызметкерлері жүргізіп жатыр.
Қазақстанда 19 қаңтарға дейін төтенше жағдай режимі жарияланды.