https://sputnik.kz/20220111/Toqaev-kredit-19111451.html
Тоқаев мәжілісте халықтың кредиті жайлы айтты
Тоқаев мәжілісте халықтың кредиті жайлы айтты
Sputnik Қазақстан
Үкімет жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң жобасын әзірлеуді бастады. Бірақ бұл тығырықтан шығатын жол емес, дейді президент 11.01.2022, Sputnik Қазақстан
2022-01-11T11:36+0500
2022-01-11T11:36+0500
2022-02-01T13:05+0500
экономика
кредит
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/23/88/238875_0:317:6017:3701_1920x0_80_0_0_3b86b78408ba4999200a539bb4a6765f.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 11 қаңтар – Sputnik. Кредит алатындардың көбеюі қаржы нарығын құбылтып, әлеуметтік тұрақсыздық қаупін тудыруы мүмкін. Бұл туралы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәжіліс отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі."Қаржы жүйесінің тұрақтылығы ұлттық экономиканы дамытудың кепілі екені белгілі. Экономика өсіп, халықтың табысында алшақтық пайда болғандықтан, тұтыну кредиттері айтарлықтай артты. Оның мөлшері бизнесті кредиттеу көлемінен асып кетті", - деді Тоқаев.Ол халық қазіргі уақытта көп кредит алып жатқанын атап өтті.Оның пікірінше, ең алдымен шектен тыс қарыздың көбеюін болдырмау қажет."Сондықтан қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне Ұлттық банкпен бірлесіп, пруденциялық реттеу тетіктері арқылы нақты әрі жедел шешім қабылдауды тапсырамын", - деп түйіндеді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/23/88/238875_330:0:5685:4016_1920x0_80_0_0_e181f98c6ef033f48e664bb6893b1019.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
кредит, қасым-жомарт тоқаев
кредит, қасым-жомарт тоқаев
Тоқаев мәжілісте халықтың кредиті жайлы айтты
11:36 11.01.2022 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Үкімет жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң жобасын әзірлеуді бастады. Бірақ бұл тығырықтан шығатын жол емес, дейді президент
НҰР-СҰЛТАН, 11 қаңтар – Sputnik. Кредит алатындардың көбеюі қаржы нарығын құбылтып, әлеуметтік тұрақсыздық қаупін тудыруы мүмкін. Бұл туралы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәжіліс отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Қаржы жүйесінің тұрақтылығы ұлттық экономиканы дамытудың кепілі екені белгілі. Экономика өсіп, халықтың табысында алшақтық пайда болғандықтан, тұтыну кредиттері айтарлықтай артты. Оның мөлшері бизнесті кредиттеу көлемінен асып кетті", - деді Тоқаев.
Ол халық қазіргі уақытта көп кредит алып жатқанын атап өтті.
"Осыны ескерсек, бұл қаржы нарығын құбылтып, әлеуметтік тұрақсыздық қаупін тудыруы мүмкін. Үкімет жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң жобасын әзірлеуді бастады. Бірақ бұл тығырықтан шығатын жол емес", - деп толықтырды мемлекет басшысы.
Оның пікірінше, ең алдымен шектен тыс қарыздың көбеюін болдырмау қажет.
"Сондықтан қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне Ұлттық банкпен бірлесіп, пруденциялық реттеу тетіктері арқылы нақты әрі жедел шешім қабылдауды тапсырамын", - деп түйіндеді Қасым-Жомарт Тоқаев.