Қоғам

Мемлекет басшысы ЛРТ-ның болашағы туралы айтты

© Sputnik / Владислав ВодневОпоры проекта Астана LRT
Опоры проекта Астана LRT  - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.01.2022
Жазылу
Президент бұл жобаның әу баста үлкен қателік болғанын ерекше атап өтті
НҰР-СҰЛТАН, 11 қаңтар – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ЛРТ бойынша тағы тапсырма берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Бізде қоғамды толғандыратын, ашуын келтіретін деген дұрыс шығар, әсіресе, астана тұрғындары үшін маңызды бір мәселе бар. Ол – LRT құрылысы. Қатардағы инфрақұрылымдық жоба үлкен проблемаға айналып, елдің беделіне нұқсан келтіріп отыр. Осы уақытқа дейін қыруар қаржы жұмсалды, қарызға ақша алынды ", - деді Тоқаев мәжілісте өткен отырыста.
Президент бұл жобаның әу баста үлкен қателік болғанын ерекше атап өтті.
"Ол жобадан жемқорлықтың иісі ұрып тұр. Енді, тиімді шешім қабылдау қажет. Оны жай бұза салатын болсақ, уақыт та, ақша да текке кетеді. Бізде басқа амал жоқ. Отандық және шетелдік сәулетшілерді, урбанистерді шақырып, осы жобаны ары қарай пайдаланудың жолдарын анықтаумыз керек", - деп атап өтті мемлекет басшысы.

Атышулы LRT

2013 жылы Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев LRT құрылысы тым қымбатқа түсетінін мәлімдеді. Бірнеше жылдан кейін қытайлық инвесторлар келді. Ал 2019 жылы шілде айында Қасым-Жомарт Тоқаев жеңіл рельсті көлік құрылысын сынға алып, осы жобаның тиімділігіне сенбейтінін айтты.
LRT-ның құрылысы 2019 жылдың соңында аяқталады деген жоспар болған. Алайда қытайлық инвесторлар қаржыландыруды тоқтатты. Артынан "Астана банкінде" тағы 200 миллион доллардың бұғатталып қалғаны туралы ақпарат тарады. Биыл наурыз айында Есеп комитеті бұл жоба өзін ақтамайтынын мәлімдеді.
Ал маусым айында елорда әкімі Алтай Көлгінов LRT құрылысының қайта жанданғанын мәлімдеді. LRT-ны толығымен аяқтау үшін қосымша 1 миллиард доллар қажет.

Сот қалай басталды

"Астана ЛРТ" ісі бойынша сот процесі Нұр-Сұлтанда 2020 жылдың күзінде басталды. Іске жеті адам тартылды, оларға 5,8 миллиард теңге (13 миллион доллардан астам) көлемінде ұрлық жасады деген айып тағылды. Іске қатысқан тағы екі адам – елорда әкімінің бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбеков пен "Астана LRT" басқармасының бұрынғы төрағасы Талғат Арданға халықаралық іздеу жарияланды.
Үкім 2021 жылдың мамырында шығарылды. Жеті адам 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Елорданың жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бұрынғы басшысы Рашид Аманжолов 10 жылға, қалалық мәслихаттың бұрынғы хатшысы және депутаты Жанат Нұрпейісов, "НұрТрейд" ЖШС ("Астана LRT"-ның қосалқы мердігері) бұрынғы директоры Улугбек Ачилов, мердігердің өкілдері Тимур Қасабаев, Дәурен Әбдіхамитов 8 жылға сотталды.
Ал "Astana Innovations" АҚ экс-басқарма төрағасы Талғат Әшім мен мердігердің тағы бір өкілі Дулат Мусенов 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Оқи отырыңыз: 

 
Жаңалықтар
0