https://sputnik.kz/20220111/Nazima-auezhai-shabuyl-19120024.html
Әнші Наzимa әуежайға жасалған шабуыл туралы: ұшақты жарып жібереді деп қорықтық
Әнші Наzимa әуежайға жасалған шабуыл туралы: ұшақты жарып жібереді деп қорықтық
Sputnik Қазақстан
Жолаушылар ұшақта, шамамен, 15 сағат отырды. Әуежайды босатқаннан кейін барлық адам қауіпсіз жерге көшірілді 11.01.2022, Sputnik Қазақстан
2022-01-11T19:59+0500
2022-01-11T19:59+0500
2022-02-01T13:05+0500
қоғам
әнші
https://sputnik.kz/img/553/84/5538415_37:0:1044:568_1920x0_80_0_0_bc5114982ec1fdfe427d5bc93f110521.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 11 қаңтар – Sputnik. Танымал әнші Наzимa (Назима Жәнібекова) Алматыдағы әуежайға шабуыл жасалған кезде ұшақтың бірінде отырғанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Назиманың айтуынша, оның концерті 5 қаңтарға жоспарланған. Бірақ қалада тәртіпсіздіктер басталып кеткеннен кейін мәдени шараны өткізбеуге шешім қабылданған. Ұшақ әуеге көтерілген жоқ. Пилот бүлікшілердің диспетчерлік бөлімді басып алғанын жариялады. Әуежаймен байланыс үзілді. Ұшуға мүмкіндік болмады."Сонда 15-ақ минут өткен. Артынан олардың диспетчерлік бөлімнің быт-шытын шығарғанын естідік. Пилот іште адамның отырғаны көрінбесін деп, иллюминатордың пердесін жабуға бұйырды. Интернет болған жоқ. Ешкіммен байланыса алмадық. Айналада не болып жатқанын білмедік. Ұшақты жарып жібере ме деп қорықтық. Себебі астында көліктер жүрді. Олардың әуежай қызметкерлері емес екенін білдік", - дейді Жәнібекова.Жолаушылар ұшақта, шамамен, 15 сағат отырған. Әуежайды босатқаннан кейін барлық адам қауіпсіз жерге көшірілді."Әуежайда болған оқиға есімнен кетпейді. Гейтте тұрған стюардесса маған "Жүгір! Олар жақындап қалды! Бізде эвакуация басталды, қазір үлгермей қаласың!" деп айқайлады. Дауысы мен көзі әлі есімде. Ол қатты қорқып тұрған. Мен болсам, ұшаққа қарай жүгіріп, ішімнен "Құдайым-ау, бізге ұшып кетуге мүмкіндік берші" деп ойладым", - дейді Назима.Оқи отырыңыз: Шекарашылар "Көктөбені" қалай қорғап қалды
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/553/84/5538415_88:0:993:568_1920x0_80_0_0_8ff61be8204873c84252762ec675e634.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
әнші
Әнші Наzимa әуежайға жасалған шабуыл туралы: ұшақты жарып жібереді деп қорықтық
19:59 11.01.2022 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Жолаушылар ұшақта, шамамен, 15 сағат отырды. Әуежайды босатқаннан кейін барлық адам қауіпсіз жерге көшірілді
НҰР-СҰЛТАН, 11 қаңтар – Sputnik. Танымал әнші Наzимa (Назима Жәнібекова) Алматыдағы әуежайға шабуыл жасалған кезде ұшақтың бірінде отырғанын айтты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.
Назиманың айтуынша, оның концерті 5 қаңтарға жоспарланған. Бірақ қалада тәртіпсіздіктер басталып кеткеннен кейін мәдени шараны өткізбеуге шешім қабылданған.
"Мәскеуге билет таптым да, әуежайға 4 сағат бұрын бардым. Әуежайға келсем, ішкі рейстерді тоқтатыпты. Ал халықаралық рейстерге отырғызу жүріп жатқан. Мен гейтке жүгіріп жеттім. Терезеден әуежайға шабуыл жасағандардың жақындап келе жатқаны көрініп тұрды. Соңғы жолаушы ұшаққа кіргеннен кейін есікті жауып тастады. Одан кейін ұшақ траптан былай қарай шықты. Бірақ ұшқан жоқ", - деп жазды Назима өзінің Instagram парақшасында.
Ұшақ әуеге көтерілген жоқ. Пилот бүлікшілердің диспетчерлік бөлімді басып алғанын жариялады. Әуежаймен байланыс үзілді. Ұшуға мүмкіндік болмады.
"Сонда 15-ақ минут өткен. Артынан олардың диспетчерлік бөлімнің быт-шытын шығарғанын естідік. Пилот іште адамның отырғаны көрінбесін деп, иллюминатордың пердесін жабуға бұйырды. Интернет болған жоқ. Ешкіммен байланыса алмадық. Айналада не болып жатқанын білмедік. Ұшақты жарып жібере ме деп қорықтық. Себебі астында көліктер жүрді. Олардың әуежай қызметкерлері емес екенін білдік", - дейді Жәнібекова.
Жолаушылар ұшақта, шамамен, 15 сағат отырған. Әуежайды босатқаннан кейін барлық адам қауіпсіз жерге көшірілді.
"Әуежайда болған оқиға есімнен кетпейді. Гейтте тұрған стюардесса маған "Жүгір! Олар жақындап қалды! Бізде эвакуация басталды, қазір үлгермей қаласың!" деп айқайлады. Дауысы мен көзі әлі есімде. Ол қатты қорқып тұрған. Мен болсам, ұшаққа қарай жүгіріп, ішімнен "Құдайым-ау, бізге ұшып кетуге мүмкіндік берші" деп ойладым", - дейді Назима.