Елорда тынысы

Елордада кейбір кәсіпкерлер арендалық төлемнен босатылады

© Sputnik / Абзал КалиевАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.01.2022
Жазылу
Жеңілдік ӘКК-ден тұрғын үй емес үй-жайларды жалға алған ШОБ пен коммерциялық ұйымдарға, "1000 орын – Көше саудасы" бағдарламасы бойынша жұмыс істейтін кәсіпкерлерге жасалады
НҰР-СҰЛТАН, 11 қаңтар – Sputnik. "Astana" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы кейбір кәсіпкерлерді төтенше жағдай режимі кезінде арендалық төлемнен босатады. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
"Astana" ӘКК" АҚ 5 қаңтардан бастап төтенше жағдай режимі аяқталғанға дейін корпорациядан тұрғын үй емес үй-жайды жалға алған кәсіпкерлер мен коммерциялық емес ұйымдарға, сондай-ақ "1000 орын – Көше саудасы" бағдарламасы бойынша жер учаскелерін жалдайтын кәсіпкерлерге арендалық төлем есептемейді.
Сонымен қатар, осы кезеңде арендалық төлемді төлемегені үшін өсімпұл есептелмейді.
"Осындай қиын-қыстау кезеңде біз өз серіктестерімізді – шағын және орта бизнес, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдеріне қолдау көрсеткіміз келеді", - деді "Astana" ӘӘК.
Еске салсақ, елдегі бүлікке байланысты Қазақстанда 19 қаңтарға дейін төтенше жағдай режимі енгізілді.
Жаңалықтар
0