https://sputnik.kz/20220111/Almatyda-omikron-shtamy-anyqtaldy-19112158.html
Тағы бір қалада "омикрон" штамы анықталды
Тағы бір қалада "омикрон" штамы анықталды
Алматыдағы эпидемиологиялық жағдай нашарлай түсті. Қала коронавирустың тарауы бойынша "сары" аймақта тұр 11.01.2022, Sputnik Қазақстан
2022-01-11T13:46+0600
2022-01-11T13:46+0600
2022-02-01T14:05+0600
өңірлер
/html/head/meta[@name='og:title']/@content
/html/head/meta[@name='og:description']/@content
https://sputnik.kz/img/1441/98/14419881_0:0:3074:1739_1920x0_80_0_0_d475b8c11af39cf1dd1c10a92c116890.jpg
АЛМАТЫ, 11 қаңтар – Sputnik. Алматыда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны екі есе өсті. Бұл туралы аппараттық кеңес барысында Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Сондай-ақ қалада коронавирустың "омикрон" штамы анықталды.6 қаңтарда толық геномдық секвенирлеу нәтижелері алынды: денсаулық сақтау министрлігіне жіберілген 96 үлгінің 8 сынамасынан "омикрон" штамы табылды, оның ішінде 7 сынама Алматыдан жеткізілді.Әкім орынбасарының айтуынша, қалада "омикрон" штамы тез таралуы мүмкін. Ал алматылықтарда коронавирустың таралуын бәсеңдетуге, оның ішінде вакцина салдыруға және бустерлік екпе алуға барлық мүмкіндік бар.Сонымен қатар қала әкімінің орынбасары жаңа жылдық мерекелер мен тәртіпсіздікке байланысты тұрғындардың коронавирустың бар-жоғын анықтау бойынша тестілеуден 8-10 есе аз өткенін атап өтті.Оның пайымдауынша, тестілеу көлемі ұлғайған кезде науқастарды анықтау да артады, бұл эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауына және қаланың матрицаның "қызыл" аймағына көшуіне әкеледі.Ержан Бабақұмаров Алматыда коронавирус желтоқсанның соңында өсе бастағанын айтты. Сол кездің өзінде эпидемиологтар мұны "омикрон" штамының таралуымен байланыстырды.Сонымен қатар қалада коронавирустың дельта штамы әлі де белсенді айналымда жүр.Айта кетері, қалада халықты коронавирусқа қарсы иммундау жалғасып жатыр. Қазір коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін 1 077 896 адам, екі компонентін 1 028 180 адам салдырды. Ревакцинация 69 018 адамға жүргізілді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1441/98/14419881_0:0:3074:1933_1920x0_80_0_0_5134c4f4628b49dfe7071ca14dc54a44.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
Тағы бір қалада "омикрон" штамы анықталды
13:46 11.01.2022 (жаңартылды: 14:05 01.02.2022) Алматыдағы эпидемиологиялық жағдай нашарлай түсті. Қала коронавирустың тарауы бойынша "сары" аймақта тұр
АЛМАТЫ, 11 қаңтар – Sputnik. Алматыда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны екі есе өсті. Бұл туралы аппараттық кеңес барысында Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Сондай-ақ қалада коронавирустың "омикрон" штамы анықталды.
6 қаңтарда толық геномдық секвенирлеу нәтижелері алынды: денсаулық сақтау министрлігіне жіберілген 96 үлгінің 8 сынамасынан "омикрон" штамы табылды, оның ішінде 7 сынама Алматыдан жеткізілді.
Әкім орынбасарының айтуынша, қалада "омикрон" штамы тез таралуы мүмкін. Ал алматылықтарда коронавирустың таралуын бәсеңдетуге, оның ішінде вакцина салдыруға және бустерлік екпе алуға барлық мүмкіндік бар.
"Алматыдағы эпидемиологиялық жағдай нашарлай түсті. Ержан Бабақұмаров қаланың коронавирустың тарауы бойынша "сары" аймақта екенін айтты. Бір аптада халықтың инфекция жұқтыру дерегі екі есе артты. Болжам бойынша, мегаполисте індеттің тағы бір толқыны басталып, жалғасады", - делінген әкімдік баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Сонымен қатар қала әкімінің орынбасары жаңа жылдық мерекелер мен тәртіпсіздікке байланысты тұрғындардың коронавирустың бар-жоғын анықтау бойынша тестілеуден 8-10 есе аз өткенін атап өтті.
Оның пайымдауынша, тестілеу көлемі ұлғайған кезде науқастарды анықтау да артады, бұл эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауына және қаланың матрицаның "қызыл" аймағына көшуіне әкеледі.
Ержан Бабақұмаров Алматыда коронавирус желтоқсанның соңында өсе бастағанын айтты. Сол кездің өзінде эпидемиологтар мұны "омикрон" штамының таралуымен байланыстырды.
Сонымен қатар қалада коронавирустың дельта штамы әлі де белсенді айналымда жүр.
Айта кетері, қалада халықты коронавирусқа қарсы иммундау жалғасып жатыр. Қазір коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін 1 077 896 адам, екі компонентін 1 028 180 адам салдырды. Ревакцинация 69 018 адамға жүргізілді.