Ол Қазақстан қиын кезеңді бастап өткеріп жатқан кезде қызметке тағайындалды.
Әлихан Смайылов 2019 жылдан бастап бұрынғы премьер-министр Асқар Маминнің үкіметінде бірінші вице-премьер болған.
Тәуелсіздік жылдарында бір адам – Кәрім Мәсімов қана екі рет премьер-министр қызметін атқарды. Ол бұл лауазымды ең ұзақ атқарды – шамамен 7 жыл.
2016 жылдан бастап Кәрім Мәсімов Ұлттық қауіпсіздік комитетін басқарды.
6 қаңтарда ҰҚК экс-басшысының ұсталғаны белгілі болды. Ол және басқа да адамдар мемлекетке опасыздық жасады деген күдікке ілінді, деп хабарлады ҰҚК.
Орта есеппен Қазақстанның премьер-министрлері бұл қызметті үш жыл атқарды. Бұрынғы премьер-министрдің бірі – Қасым-Жомарт Тоқаев қазір республика президенті.
Премьер-министрлер арасында бұл қызметте ең аз отырған – Иманғали Тасмағамбетов. Ол үкіметті бір жыл басқарды. Тасмағамбетов және елдің алғашқы премьер-министрі Сергей Терещенко қазір зейнетте.
Премьер-министрлердің бірі Серік Ахметов 2015 жылы жемқорлық үшін сотталды, бірақ қазір бостандықта.
Енді наразылық білдірушілер үкіметтің отставкаға кетуін талап еткеннен кейін тағайындалған жаңа премьер-министр Әлихан Смайыловтың жұмысына көпшіліктің ерекше назар аударатыны белгілі. Оған Алматыдағы қайғылы оқиғадан кейін Қазақстанды қалпына келтіру міндеті жүктелген.