Желіде төтенше жағдай 24 қаңтарға дейін ұзартылды деген ақпарат тарады
17:25 10.01.2022 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022)
© AP Photo / Vladimir TretyakovПолицейские в огне во время столкновений с протестующими в центре Алматы, Казахстан, среда, 5 января 2022 г.
© AP Photo / Vladimir Tretyakov
Жазылу
Қазақстанда жаппай наразылық 2022 жылдың алғашқы күндері Жаңаөзен мен Ақтау қаласында басталған болатын
НҰР-СҰЛТАН, 10 қаңтар – Sputnik. Telegram мессенджерінде пайдаланушылар елдегі төтенше жағдай режимі 24 қаңтарға дейін ұзартылды деп жазуда.
Stopfake.kz бұл ақпаратты жоққа шығарды.
"Қазақстан бойынша төтенше жағдай режимі 19 қаңтарға дейін енгізілді", – деп хабарлады Қазақстан президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметі.
Қазақстанда жаппай наразылық 2022 жылдың алғашқы күндері Жаңаөзен мен Ақтау қаласында басталған болатын. Кейін басқа қалалардың тұрғындары да наразылық шеруіне шыға бастады.
Алматы қаласында наразылық білдіру акциясы кезінде содырлар ғимараттар мен мемлекеттік мекемелерге шабуыл жасап, арты үлкен бүлікке ұласты.
Осыған орай президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығына сәйкес, төтенше жағдай 5 қаңтардан бастап 19 қаңтар аралығында Алматы, Маңғыстау, Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Ақмола, Ақтөбе, Шығыс-Қазақстан, Атырау, Батыс-Қазақстан, Қарағанды, Түркістан, Қостанай, Павлодар мен Солтүстік Қазақстан облыстарында, сондай-ақ, республикалық маңызы бар қалалар – Алматы, Нұр-Сұлтан мен Шымкентте жарияланып отыр.
Президент төтенше жағдай кезінде уақытша шектеулер мен қажетті шараларды қолға алуды тапсырды.