Оқиға

Содырлар Қазақстан астанасына да шабуыл жасамақ болды – Тоқаев

© Sputnik / Владислав ВодневЗдание Акорды
Здание Акорды - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.01.2022
Жазылу
Президенттің айтуынша, Алматы қаласы мен 9 облыс орталығы бандиттердің қолында болған
НҰР-СҰЛТАН, 10 қаңтар – Sputnik. Содырлар Нұр-Сұлтан қаласына да шабуыл жасауды жоспарлаған. Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҚ лидерлерінің онлайн саммитінде мәлімдеді.
"Президент резиденциясының айналасына террористік топтар жинала бастады. Бірақ астанаға үш әскери-көлік ұшағының келгенін естіп, содырлар президент резиденциясын басып алу жоспарынан бас тартты. Бұл Алматыға қосымша күштерді аттандырып, қаланы террористерден қорғап қалуға мүмкіндік берді", - деді Тоқаев.
Президенттің айтуынша, Алматы қаласы мен 9 облыс орталығы бандиттердің қолында болған.
Жаңалықтар
0