Саясат

Қазақстан бейбіт сипаттағы наразы топтарға емес, террористерге қарсы тұруда – СІМ

© AP Photo / Vladimir TretyakovОмоновцы держат свое оружие наготове, пытаясь остановить демонстрантов во время акции протеста в Алматы, Казахстан, в среду, 5 января 2022 г.
Омоновцы держат свое оружие наготове, пытаясь остановить демонстрантов во время акции протеста в Алматы, Казахстан, в среду, 5 января 2022 г.  - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.01.2022
Жазылу
Yandex newsTelegram
Қазақстанның сыртқы істер министрлігі шетелдік БАҚ-тардағы жарияланымдарға қатысты пікір білдірді
НҰР-СҰЛТАН, 10 қаңтар – Sputnik. Қазақстан билігінің қаруын тастамаған лаңкестерге оқ ату туралы шешімін айыптаған шетелдік БАҚ-тардағы мақалаларға сыртқы істер министрлігі жауап қатты.
Ведомство елімізде төтенше жағдай енгізілгеннен бері қалыптасқан ахуалға байланысты шетелдік БАҚ-тағы бірқатар жарияланымдар атүсті және біржақты сипатта болғанын атап өтті.  
Маңғыстау облысы мен елдің барлық ірі қалаларында бейбіт митингілер өтті. Олардың талаптары толық қанағаттандырылды. Алайда терроршыл, экстремистік және қылмыстық топтар шиеленіс пен зорлық-зомбылықты ушықтыру үшін бұл жағдайды өз мүддесіне пайдаланып алды. Осыған байланысты елде төтенше жағдай жарияланды.
"Алматы қаласындағы және елдің басқа да өңірлеріндегі оқиғалар көрсеткендей, Қазақстан шетелде дайындықтан өткен және жақсы үйлестірілген терроршыл топтардың шабуылына тап болды. Алдын ала мәліметке қарағанда, шабуылшылардың арасында жанжал аймақтарында діни радикалдық топтардың қатарында қақтығыстарға қатысу тәжірибесіне ие адамдар бар", - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта Қазақстанның құқық қорғау органдары мен қарулы күштері кейбір шетелдік БАҚ бұрмалап көрсеткендей, "бейбіт сипаттағы наразы топтарға" емес, террористерге қарсы тұруда.
"Қазақстан Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына (ҰҚШҰ) көмекке жүгінуге мәжбүр болды, ол жағдайды тұрақтандыру мақсатында жалпы саны 2 500 адам құрайтын бітімгершілік күшін жіберді. Бітімгершілердің мандатына стратегиялық нысандарды күзету және қазақстандық құқық қорғау күштеріне жәрдемдесу кіреді", - деп түсіндірді Қазақстанның сыртқы істер министрлігі.
Терроршыл топтарға қарсы негізгі іс-қимылды Қазақстанның құқық қорғау органдары мен Қарулы күштері жүргізіп жатыр.
Министрлік ҰҚШҰ-дың бітімгершілік күштері Қазақстанда уақытша негізде болатынын және жағдай тұрақталған соң Қазақстан тарапының бірінші сұрауы түскен кезде өз елдеріне оралатынын атап өтті.
Наразылық митингілерінің бейбіт қатысушылары ешқандай қудалауға ұшырамайды.
Құқық қорғау органдарына қалыптасқан жағдайдың себептеріне кешенді тергеу жүргізу тапсырылды, оның нәтижесі халықаралық қоғамдастыққа жеткізіледі.
Өкінішке қарай, қақтығыстардың салдарынан еліміздің азаматтары, соның ішінде құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен әскерилер қаза тапты.
Осыған байланысты 2022 жылдың 10 қаңтарында елімізде жалпыұлттық аза тұту күні жарияланды.
Жаңалықтар
0